• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Бәсекеге қабілетті ауыл – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі

469 рет
көрсетілді

Қазақстанның агро­өнер­кә­­сіп­тік кешенінің алдында экс­порт­қа бағдарланған, әлем­дік на­рықта бәсекеге қабілетті, сапалы азық-түлік өнімдері өндірісін ұлғайту арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мін­деті тұр. Мемлекеттік қолдаудың ар­қа­сында 2015 жылы респуб­лика бойынша елімізде ауыл ша­руашылығының жалпы өнімі 3,3 трлн теңгеге жетті. Астық өн­дірісінің қарқынды да­м­уы ар­қылы Қазақстан әлем алдын­да өзінің «астық державасы» мәртебесін айқындады. Қазіргі уақытта республика әлемнің 70-тен аса мемлекетіне 5 млн-нан 10 млн тоннаға дейін астық экс­порттайды. 2016 жылы ре­к­тор­дтық өнім – 23,7 млн тонна бидай жиналды. 2016 жылы ауыл ша­руашылығына салынған ин­вес­тиция көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 35%-ға өсіп, 228 млрд теңгеге жетті. Елде ауыл шаруашылығы салаларын әртараптандыру бойынша ау­қымды жұмыстар жүр­гі­зі­лу­де. Бү­гінгі күні майлы да­қыл­дар 2,0 млн, мал азықтық да­қылдар 3,5 млн гектар жерге се­біледі. Әлемдік нарықтағы мұнай мен металл бағасының едәуір төмендеуі және экспорттық тауарларға деген сұраныстың азаюы Қазақстан экономикасына, оның ішінде ауыл­ша­руашылық са­ла­сының дамуына кері әсе­рін ти­гізуде. Сондықтан, отан­дық ауыл­ша­руашылық тауа­р­ын өн­ді­ру­шілерге нақ­ты қол­­д­ау көр­се­ту үшін «Ауыл­ша­­руа­шы­лық кооп­е­ра­тив­тері туралы» заң қа­­был­­да­нып, «Қазақстан Рес­пуб­­ли­­ка­сының агроөнеркәсіптік к­е­­­шенін да­мытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған мемлеке­т­тік бағ­дарламасының» жобасы әзір­ленді. Қазіргі кезде бұл заң жоба­сы Үкіметке бекітуге ұсы­ныл­ды. Аталған жобада ауыл­ша­­руашылық өндірісін заман та­лаптарына сай дамытуға ба­ғыт­­талған жаңа даму басы­м­ды­лықтары ұсынылды. Мемлекеттік бағдарламаның басты міндеттері – жем-шөп базасын кеңейту негізінде мал шаруашылығы тиімділігін 58%-ға және басымдыққа ие да­қылдар өндірісін ұлғайту ар­қылы өсімдік шаруа­шы­лы­­ғының тиімділігін 40%-ға арт­тыру. Ірі кооператив құ­ру үшін 670 мың ұсақ тауар өн­ді­рушілерді өндіріске тарту жос­пар­ланған. Өнім өндіру мен өт­кізудің ауқымды жүйесін құ­ру арқылы ауылшаруашылық коопе­­­рацияларын дамыту не­гі­­зін­де ішкі нарықты отан­дық өнім­дермен толықтыру, ауыл шаруашылығын суб­си­дия­лаудың заманауи әдістері не­гі­зін­де мемлекеттік қаржылық қол­даудың тиімділігі мен оның қолжетімділігін арттыру қарас­ты­рыл­ған. Бұл бағытта 2021 жыл­­ға қарай 25 мың несие алу­шыға тең дәрежеде 300 млрд теңге бөлінбек. Техникалық жаб­дықталу деңгейін арттыру, тиім­ді шетелдік технологиялар трансфертін ұйымдастыру, ақпа­ратпен қамтамасыз ету, жер ресурстарын тиімді пайдалану мә­селелері де жолға қойылмақ. Бүгінгі таңда бос жатқан жер­лерді, суармалы алқаптарды иге­ру бойынша жүйелі жұмыс­тар жүргізілуде. Жер ресурс­та­рын пайдалану сапасын арттыру мақатында 600 мың гектар суармалы жерді айна­лым­­ға енгізу жоспарланған. Атал­­ған шаралардың барлығы инновациялық технологияларды енгізу арқылы бәсекеге қа­білетті ауыл шаруашылығын өркендететін жаңа аграрлық саясатты дамытудың тетіктері болып табылады. Бұл үшін жаңа бағдарлама бойынша рес­пуб­ликалық және жергілікті бюджет­тен 2374,2 млрд теңге бөлу қарастырылған. Ауыл шаруашылығын да­мы­тудың жаңа бағдар­ла­ма­сын­да ғылым, білім және өн­ді­рістің өзара байланысын артты­рып, отандық өндірістің қар­қынды дамуына барынша жағ­дай жасалмақ. Бірінші кезекте ауыл­шаруашылық өндірісінің қа­жеттіліктеріне жауап беретін зерттеу­лермен айналысатын ғы­лы­мға басымдылықтар бе­ріл­­мек. Бұл ретте ғылым тауар өндірушілердің нақты сұ­ра­ныстарына байланысты қар­жыландырылатын болады. Жа­ңа бағдарлама жобасында білікті мамандар дайындау ісінде жалпы көрсеткішті емес, мамандарды дайындаудан бас­тап өндірістің тапсырмасын ескеру қажеттілігі нақты көр­се­тілген. Жаңа бағдарлама көмегімен ұсақ шаруашылықтарды iрi­лен­дiре отырып, ғылым, бi­л­iм, өндiрiс интеграциясын кү­ше­йту арқылы ел эконо­ми­к­а­сын инновациялық ба­ғытта өр­кендету қадамын же­тiл­дiру бас­ты қағидаға айналуы тиiс. Себебі, бүгінгі күні ауыл ша­руашылығындағы агро­құ­ры­лымдардың ұсақтығы ең өзекті мәселе болып тұр. Олардың саны 185,0 мыңнан асады. Қа­зір­гі кезде республикамызда ауыл­шаруашылық өнімдерін өнді­румен 1,6 млн ауыл тұр­ғын­дарының жеке қосалқы ша­руа­шылықтары айналысады. Агро­құ­рылымдардың 95%-ы – шаруа қо­жалықтары, олардың 81%-ының егістік алқаптары 50 гектар­дан аспайды. Елдегі барлық мал басының 52-ден 63%-ға дейі­ні үй шаруашылығында шо­ғырланған, яғни оларға мал шаруашылығының жалпы өнімінің 74%-ы тиесілі. Мал ша­­руашылығы өнімдерін өнді­румен негізінен үй шаруа­шы­лық­тары айналысатынын еске­рсек, саладағы өнімділік пен бә­секеге қабілеттілік дең­гейі өте төмен. Себебі, ұсақ ша­руа­­шылықтардың адам ден­сау­лығына қауіпсіз азық-тү­лік өнімдерін өндіретін өң­деу кә­сіпорындарын қажетті ауыл­ша­руа­шылық шикізатымен қам­та­м­асыз етуге, инновациялық, ре­сурс үнемдеуші технология­ларды өндіріске енгізе алатын жоғары білікті маман­дарды жұмысқа тартуға мүм­кін­діктері жоқ. Көптеген ша­ру­а­лардың техника сатып алу­ға қаржылары жетіспейді. Фер­мер­лер өз өнім­дерін негізінен орта­дағы делдалдар арқылы өткі­згендіктен, сатылған әрбір тауар бірлігінен алынатын пайданы (70-75%) делдалдар көріп кел­ді (шетелдерде бұл көрсеткіш 25-30% шамасында). Елдің аграрлық саласын­да бұндай жағдайдың қа­лып­­тасуына бірқатар себеп­тер әсер етті: отандық ауыл­ша­­руашылық өндірісінің тө­мен­­деуі; материалдық-тех­ни­калық әлеуеттің әлсіреуі; азық-түлік нарығындағы инте­гра­цияға мүдделі емес мо­но­по­лист-фирмалардың үсте­м­д­ігі; мақсатты мемлекеттік қол­дау­дың аздығы; инвестициялық ахуал­дың тұрақсыздығы; интегра­циялық үрдіске оң ықпал жасайтын заңдық базаның жоқтығы және т.б. Осының салдарынан Қазақстанның ішкі нарығының 60%-ы ғана отандық тауар өнді­рушілер өндірген азық-түлік өнім­дері­мен, қалғаны импорт есе­бінен қамтамасыз етіледі. Сырттан әкелінетін өнімдердің барлығы дерлік өңделген да­йын өнімдер және оларға жыл сайын орта есеппен 1,8 млрд АҚШ доллары жұмсалынады. Сон­дықтан, отандық агро­на­рық­та алдыңғы қатарлы агро­тех­никалық шаралар кеше­нiн қолдануға бағытталған ірі тауарлы шаруашылықтар қа­лып­тастырып, «алқаптан тұ­­тынушыға дейінгі» тех­но­ло­гиялық үрдісті қамтамасыз ету қа­жеттігі туындады. Әлеуеттері үл­кен кәсiпорындарда ғана инно­вациялық технологиялар мен ғылыми жобалардың нә­ти­же­лерiн енгiзуге және жаңа фор­мат­тағы мамандарды жұмысқа ор­­наластыруға болатынын уа­қыт­тың өзі дәлелдеді. Республикада 1995 жылдан бері кооперация туралы 2 жалпы салалық, 3 арнайы заң қолданыста болған. Бірақ бұл заңдар жоспарланған нақты нәтижелерді емес, ауылдық тауар өндірушілер арасында көптеген түсінбеушіліктерді туындатты. Қазақстанда ұсақ тауарлы шаруашылықтардың басын біріктіру бойынша жұ­мыс бiрнеше жылдар бойы жүргiзiлгенімен, ұсақ шаруа­лар өз ерiктерiмен кооперативке бiрiккiсi келмеді. Себебі, оларды кооператив құруға ынталандыратын экономикалық механизмдер әзірленіп, заңды халыққа түсіндіру шаралары іске асырылмады. Осының нәтижесінде, тауар өндірушілер жаңа құрылымға сенімсіздік білдірді. Көптеген аймақтарда жеңілдетілген несие алу үшін ғана кооператив талаптарына мүлде сәйкес келмейтін «жалған кооперативтер» құрыла бас­тады. Қажетті құқықтық ме­­- х­анизмдердің болмауы шаруа иелерінің кооперативке бірік­кен жағдайда өздерінің жер­лерінен және жылжымайтын мү­ліктерінен айырылып қалу қорқынышын туғызды. Осын­дай түйткілдер елдегі ша­руа­лардың кооперацияға бірі­гуін тежеп келді. Жаңа қабылданған «Ауыл­­ша­ру­а­шылық кооперативтері туралы» заңында осы кемшіліктерді жою үшін нақты нәтиже беретін экономикалық механизмдер қа­рас­тырылған. Өндірістік және қыз­мет көрсету кооперативтері арасындағы құқықтық айыр­ма­шылық, пай үлестері мен коо­ператив жарғысының болуы міндеттелген. Кооперативтердің қызмет көрсету ерекшеліктеріне бай­ланысты салық және моно­полияға қарсы заңна­маларына, жеңілдікпен несие алу шарттарына өзгерістер енгізілді. Бар­лық нарық субъектілері жеке, өза­ра бірлесіп және мемлекетпен бірге табыс табуда тең құқыққа ие болды. Осы заңның принциптерінің бірі – кооперативке қаты­су­шы­лар экономикалық тұрғыдан дер­бес болуы. Олар өзiнiң өндi­рiстiк құралдарының иесi болып, өзi өндiрген өнiмге иелiк етуi және әрбiр кооператив мү­­шесiнiң мүлiктiк жер пайымен қосқан үлесiне сай түскен пай­даны өзара келісіп шешуге мүмкіндік алады. Кооперативтiк шаруашылық құрудың негi­з­гi шарты – бiрiктiрiлген кәсiп­орындардың мүдделерiн сақтау. Қыз­меттiң мақсаты мен сипа­тына байланысты әр шаруа бір­неше кооперативке мүше бо­ла алады. Кооперацияның тұ­тынушылық, өндiрiстiк, кә­сiп­шiлiк, жабдықтау, өткiзу, несиелiк, тұрғын үй және тағы басқа түрлерiн ажыратуға болады. «Ауылшаруашылық ко­о­пе­­­­­­­р­ативтерi» туралы заң­ды жүзеге асыру арқылы ұсақ үй шаруашылықтардың қол­­­дарындағы ресурстарды тиімд­і пайдалануға бола­ды. Ауы­­л­шаруашылық коопе­ра­­тивтерін құру – тауар өнді­рушілердің еңбегін ынта­лан­дыруға, табысты әдiлеттi бө­­луге, өндiрiстiк даулардың азаю­ына ықпал етеді. Бұған қо­са ұйымдастыру үрдiсiнiң құ­рамына ауылшаруашылық өнім­дерді тасымалдау, сақтау, өткізу және қызмет көрсетумен айналысатын шаруашылықтар да енеді. Шаруалар экономикалық тиiмдiлiк үшiн бiрiгiп, өндiрiстiк циклдің барлық кезеңдерiн – шикiзаттан бастап нарыққа дайын өнiмдi өткізу жолдарын то­лық қамтитын болады. Бұл ретте өнімді сатып алу, та­сы­мал­дау және өңдеуші меке­ме­ге жеткізу мәселелері 1,3 ес­е­ге ұлғаймақ. Жаңа заң коопе­рация мүшелерінің өзара ықпал­дас­тығы нәтижесінде тауар баға­сының үстемесін 15-20%-ға тө­­мендетуге жағдай туғызады. Осы­ның нәтижесінде, ауылдық жер­лердегі тұрғындардың жыл­дық табысын 300 млрд теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік туады. Жаһандану үрдiсi қарқын алған заманда инновациялық ғылым-бiлiмге деген сұраныс артуда. Ауыл шаруашылығын жүр­гізудің индустриялды әдіс­терінің орнын басып келе жатқан нанотехнологияның өзi бүгiнде күнделiктi тұрмы­сы­мызға енді. Жаңа технологиялар қоршаған ортаға жасалатын антропогендік зиянды төмендетіп, шығындарды азайтып, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік беруде. Қабылдауға дайындалған жаңа бағдарлама ғылыми-тех­ни­калық серпiлiске жол беретіні хақ. Агросектордың сыртқа өнiм шығару мүмкiндiгi зор екен­дігін ескерсек, өндiрiсте жа­ңа инновациялық технология­лар­ды игеру, биотехнологияларды дамыту бүгiнгi күннiң басты артықшылығы болып та­былады. Өндiрiс пен ғылым интеграциясында да әлеуетiмiз жеткiлiктi. Экспорттық бағытта ауылшаруашылық өнімін өн­діру мүмкiндiгін жiберiп алмау қажеттігін әрбір ауылдық жердегі тауарөндіруші дұрыс түсiнуi тиіс. Осы бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыру бі­лім сапасын жаңа деңгейге кө­­теруді және мамандардың кәсібилігін арттыруды қажет ете­ді. Бұл орайда университет ға­лымдары мақсатты түрде та­уар өндірушілерге ғылыми-тә­жі­ри­белік қызмет көрсетуде. Халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу және білім беру базасын құрудың зама­науи тәсілдерін меңгеріп, стра­тегиялық бағытта жүйелі даму жүйесін қалыптастыру – университеттің қазіргі күн­де қол жеткізген ең бас­ты жетістіктерінің бірі. 2016 жы­­­лы университет базасында Агротехнологиялық хаб құ­рылды. Бұл университет дамуының жаңа сатыға көте­рі­луіне мүмкіндіктер берді. Халықаралық талаптарға сай құрылған Агротехнологиялық хаб аясында орындалатын зерттеулер импортты алмас­тыру мақсатында экспортқа бағытталған өнім өндірісін ұлғайту, шет елдердің озық технологиясын тарту үшін қажетті жаңа жұмыс орындарын ашу сияқты өзекті мәселелерді инновациялық жолмен шешуге барынша жағдай туғызды. Қазіргі кез­де Агротехнологиялық хаб негізінде АҚШ, Еуропа және Азия мемлекеттеріндегі 36 ғылыми орталықтармен тығыз әріптестік байланыс­тар орнатылып, әлемнің 13 беделді жоғары оқу орындары­мен қос дипломдық білім беру бағдарламасы іске асыры­луда. Жүргізілетін жұ­мыс­тар қатарында: Корнель уни­­вер­ситетімен жергілікті алма­­ның болашақтағы сортта­ры­ның гендік қорын зерттеу, Колумбияның NASA уни­­­вер­си­те­тімен климаттық мо­дельдеу арқылы дәнді да­қыл­дардың өнімділігін жос­парлау мәселелері қарас­ты­ры­лады. АҚШ, Қытай, Ресей ға­­лымдарымен зиянкес­тер­ мен арамшөптерді алдын ала анықтау, «Геоскан» мен NASA ғалымдарымен АӨК-де­гі тәуекелдердің ортақ жүйе­сін құру секілді жобалар­ды атау­ға болады. Таяуда АҚШ-тың ауылшаруашылық депар­- ­т­а­менті басшылары универси­тет оқы­тушыларына, магистранттары мен докторанттарына арнап жайылымдық жерлердің экогидрологиясы жөнінде тренинг өткізді. Университеттің жас ғалымдары нидерландтық се­ріктестермен ЭКСПО-2017 ха­­­лық­аралық көрмесіне ұсыны­латын бірлескен ғылыми жобаны дайындау үстінде. Осындай бағытта шетелдік әріптестермен 30-дан астам бірлескен ғылыми жобалар жүзеге асырылады. Университет соңғы жылдары Қазақстан-Беларусь агро­ин­женерлік инновациялық орта­лығын құру жұмыстарын жүр­гі­з­уде. Арнайы оқу-зерттеу ла­­бо­раторияларын құру үшін бе­­ларусьтық ауылшаруашылық тех­никалары мен бөлшектерінің түп­­­нұсқа кескіндері алынды. Университет жанынан Беларусь ауыл­шаруашылық тех­­ни­ка­ла­рының көрсетілім ала­ңы ашы­л­­­­- мақ. Университеттің оқу-тә­жі­рибелік шаруашылығы ау­­ма­ғында беларусьтық ауылша­руашылық техникалары мен машиналарын, осы салаға қажетті қондырғыларды сынақтан өткізу полигоны ұйымдастырылуда. Онда білім алушы жастар «ал­қап­тан тұтынушыға дейін­гі» аралықтағы толық тех­но­логиялық түзілімді зерттеп, өнді­ріс жағдайында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айна­лы­с­уға мүмкіндік алатын болады. Бұл жерде аграрлық са­ла­дағы кәсіпкерлер, инженер­лер, техника жүргізетін маман­дар өз біліктіліктерін жо­ға­рылата алады. Аталған шара­лар қызметі отандық агро­өндірістік кешен алдында тұр­ған күрделі мәселелерді тиімді шешуге ықпал етеді. Бұл ретте университет отан­дық тау­ар­өндірушілердің мә­се­л­елерін шешуде бар мүм­кін­­дік­терін пай­далануда. Инновациялық бағытты ұс­тан­ған оқу орны әлемнің озық тәжірибелерін трансферттеуде сәтті қадамдар жасап келеді. Осы орайда, Алматы қаласында өткен жылдың 9-10 желтоқсаны күндері бірінші орталықазиялық агротехнологиялық саммит ұйым­дастырылды. Саммит жұ­­мысына мемлекеттік орган бас­шылары, АҚШ, Еуропа, Азия мемлекеттерінің танымал эксперт-ғалымдары, рес­пуб­­ликаның ауыл­шаруашылық та­уар­­өндірушілері, аграрлық са­­лада қызмет ететін ірі компа­ния өкілдері, ауыл әкімдері қа­тысты. Саммит аграр­лық са­ла ғалымдарының, агро­құ­ры­­лым жетекшілері мен тауар өн­дірушілердің ортақ мә­се­ле­лері, атап айтқанда, мем­ле­кет-жекеменшік серіктестігі, аграр­­лық білім мен ғылым, жа­ңа технологиялар мен озық білім тран­с­- фертін жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланып, пі­кір бөлісіп, тәжірибе алмасатын ала­ңына айналды. Қатысушылар та­ра­пы­нан ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелерін ор­та­ға салатын Саммит жұмы­сын жыл сайын өткізу туралы ше­­шім қабылданды. Жиын қо­ры­тындысы бойынша нақты ұсы­ныстар әзірленіп, АӨК ма­ңызды мәселелер мен оларды шешу жолдары жөнінде арнайы қаулы қабылданып, Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданды. Аграрлық білімнің қара ша­ңы­рағы Қазақ ұлттық аграр­лық университеті еліміздің ауыл шаруашылығы саласына қажетті кәсіби білікті маман­дар­ды даярлаумен қатар, сала­ға қатысты қабылданатын мем­лекеттік бағдарламаларды ха­лыққа кеңінен түсіндіру мен оны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек. Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА вице-президенті, академик Алматы