• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2011

Ет өндірушілер еңбектерін еселей түспек

413 рет
көрсетілді

Таяуда Астанада ет және сүт өндірушілердің ІІ форумы болып өтті. Оны ұйымдастырушы – «Қазақ­станның ет-сүт одағы» жеке кәсіп­керлер мен заңды тұлғалардың ас­социа­ция түріндегі бірлестігі. Форум жұ­мы­сына Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкіл­дері, сол сияқты бизнес құры­лым­дар мен шетелдік меймандар қатысты. Форум ет және сүт бизнесін дамыту үшін тұғырнама болу мақсатын көздей­ді. Осы тұрғыда кәсіпкерлер бір-бірі­мен кездесіп, Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығына өздерін тол­ған­дыратын сауалдарын қою, сондай-ақ іскерлік байланыстар орнату мүмкін­ді­гіне ие болды. Оның сыртында бас­қо­су­ға қа­тысушылар қазақстандық өнім­­дер­ді жа­қын және алыс шетел­дер­дің ры­ногына шығару жолдарын да қарас­тырды. Қазақстанның барлық облыс­тары­нан келген өндірісшілер мен өңдеу­ші­лердің 200-ден астам өкілдері қатысқан форумда басқарма төрағасы Иван Сауэр Қазақстандағы мал шаруашылығын да­мытудың қазіргі жағдайы мен бола­шағы туралы баяндама жасады. Отандық ет экспортының көлемін арттыру жөнінен аса ауқымды міндеттер белгіленіп отырған қазіргі кезде мұндай іс-шараның маңызы айрықша арта түспек. Соған орай «ҚазАгро Өнім» акционерлік қоғамының бас­қару­шы директоры Айгүл Ахметжанова  қазақстандық ет өндірісін дамыту жобасының тұсаукесерін жасады. Жиынға қатысқан Қазақстанның ет-сүт одағының мүшелері жобаға қолдау көрсетіп, оны жүзеге асыруға белсенді атсалысатындарын білдірді. Форум қорытындысында арнайы қа­рар қабылданып, одақтың орта мерзімге арнал­ған іс-қимылдар бағдарламасы белгіленді. Сөз соңында одақтың тұңғыш рет осы­дан бір жыл бұрын Қазақстанның ет одағы ретінде құрылғанын, алға­шында оның құ­рылтайшылары алтау болғанын айта кету керек. Бүгінде бұл сан 105-ке жетіп отыр. Өткен жылдың наурыз айын­да өн­ді­ру­шілер мен өңдеушілердің бірінші фо­ру­мы болып, онда табиғи сүт өнді­румен және өң­деумен айналысатын кәсіп­кер­лердің одақ құрамына өтуіне байла­ныс­т­ы ұйым­­ның атауы да Қазақстанның ет-сүт одағы бо­лып өзгертілді. Жоғарыда айтып өтке­німіздей, Иван Адамович Сауэр одақтың басқарма төрағасы, ал Иса Әбжаппар Үкі­бай­ұлы атқарушы директоры болып табылады. С.АЛМАСОВ.