• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Канада парламентшілерін қабылдады

427 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Канада Парламенті Қауымдар палатасы Сыртқы істер және халықаралық даму жөніндегі комитетінің төрағасы, «Қазақстан-Канада» парламентаралық ынтымақтастық тобының тең төрағасы Роберт Нолт бастаған парламенттік делегацияны қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. Қ.Тоқаев атап өткендей, Қа­зақстан мен Канаданың дип­ло­матиялық қатынастар орнатқан 25 жыл бойы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Канадамен өза­ра тиімді жан-жақты ынты­мақ­тастықты дамытуға, жоғары технологиялық бірлескен өндіріс­терді құруға, сауда-инвести­ция­лық байланыстарды өрістетуге баса назар аударып келеді. Се­нат Төрағасы канадалық депу­тат­тарды Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халық- аралық көрмесіне шақырды. Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ Парла­мент­тік Ассамблеясы аясындағы Қазақ­стан мен Канада парламент­шілерінің сындарлы ынтымақ­тастығын атап өтті. Ол кана­далық депутаттардың Астанаға сапары екіжақты парламент­аралық үнқатысуға жаңа серпін беретініне сенім артатынын жеткізді. Жүздесушілер халық­аралық саладағы маңызды мәсе­лелер, олардың ішінде Сириядағы жағдай туралы пікір алмасты. Р.Нолттың пікірінше, Қазақстан Канаданың жақын досы болып табылады, екі елдің ортақ жақтары көп, оның ішінде климаты мен геогра­фия­сының да ұқсастықтары бар. Кана­да парламентшілері Қазақстанмен ынты­мақ­тастықты нығайтуда нәтижелі рөл атқарғысы келеді. Депутаттар Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылындағы тамаша жетістіктерін атап өтті. Парламент­шілер біздің елімізге алдағы екі жыл­да БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшесі қызметінде жемісті жұмыс ат­қаруына тілектестігін айта отырып, күр­делі халықаралық мәселелерді шешуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, Сенат Төрағасы Гер­манияның Қазақстандағы елшісі Ро­льф Мафаэльді де қабылдады. Қ.Тоқаев дипломатты біздің еліміздегі қызметінің басталуымен құттықтады және Қазақстан мен Германияның ынтымақтастығын нығайтудағы маңызды жұмысында табысты болуға тілектестігін білдірді.