• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қаңтар, 2017

Сирия: Дерек пен дәйек

304 рет
көрсетілді

Сириядағы соғыс салдарынан 300 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапса, 2 миллионнан астам адам әртүрлі дене жарақатын алған.

Сирия аумағында 5 миллионнан астам ада­м өз елінде босқын атанса, оның 1 миллион­нан астамы бас сауғалап, шекара асқан. Дүниежүзілік азық-түлік кеңе­сі­нің арнайы бағдарламасы аясында 4,5 млн-нан астам сириялық тұрғынға гуманитарлық көмек көрсетілген. ЮНЕСКО арнайы миссиясының мәліметі бойынша, Алеппо қаласында орналасқан әлемдік көне жәдігерлік нысандардың 60 пайызына едәуір зақым келіп, 30 пайызы толық қи­раған. Бүгінде Сирияның қоршауда қал- ­­ған 15 ауданында 700 мың халық тұ­рып жатса, оның 300 мыңға жуы­ғы балалар. 5 миллионға жуық сириялықтарға (оның ішінде 2 миллионы балалар) қарулы қақтығыс ошағында қалғандықтан, гуманитарлық көмек жеткізу мүмкін болмай отыр. 2015 жылдың мамырында Қа­зақ- ­станда дағдарысты саяси жол­мен шешуді қарастыруға бейім сириялық оппозиция өкілдерімен келіссөздердің бірінші раунды өтті. 2015 жылдың қазанында тиісті келіссөздердің екінші раунды болды.
Соңғы жаңалықтар