АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Транс-тынық мұхиты әріптестігі сауда ұйымынан шығатыны туралы Қаулыға қол қойды, деп жазады BBC.
Трамп өзінің сайлауалды бағдарламасында да президент болса, алдымен АҚШ-ты осы ұйымнан алып шығатынын мәлімдеген. Оның пікірінше, 12 елдің бірлескен бұл сауда ұйымы АҚШ экономикасы үшін кері әсер етуде.
Естеріңізге сала кетейік, Азия мен Америка елдерінің құрған Транс-тынық мұхиты әріптестігі Обама саясатының басым бағыттарының бірі болған.
Трамптың ойынша, ол ұйымнан гөрі оған мүше мемлекеттермен жеке-жеке келісімге келу АҚШ экономикасы үшін анағұрлым тиімді болмақ.
Айта кетейік, 2016 жылдың ақпанында құрылған Азия-Тынық мұхиты өңірінің 12 елі бірігіп құрған сауда ұйымына Жапония, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Мексика, Перу, Чили, Малайзия, Бруней, Сингапур және Вьетнам кіреді. Бұл елдер әлем экономикасының 40 пайызына ие.