• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

24 қаңтарға арналған ауа райы

301 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 18-23 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Атырау, Батыс Қазақстан обылыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында жел 17-22 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.