• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

279 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) осы салмақта WBO белбеуінің иегері британиялық Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) жекпе-жек өткізу жөнінде ортақ ымыраға келді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Boxing Legends TV интернет арнасының мәліметі бойынша бұл жазда Қазақстанда өтеді. Қос боксшы барлық шартқа келіскен көрінеді. «Билли Джо Сондерспен Геннадий Головкиннің кездесуі жазда Қазақстанда өтеді», – деп жазады аталған арнаның туиттері. «Қазақстандық боксшы Джейкобспен жұдырықтаспай жатып (18 наурыз Нью-Йоркте), бұл айқас не себепті қазір хабарланды?» деген оқырман сұрағына: «Шамасы, Сондерс осы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесетін болар. Алайда, қос тарап қазірдің өзінде барлық шартқа (гонорары, өтетін орны) келісіп қойған», деп жауап берді. Бұған дейін британ боксшысы алдағы жоспарлары жайлы бөлісіп, бір-екі аптаның көлемінде үлкен жекпе-жек жөнінде ұсыныс түсетінін, ал промоутері Фрэнк Уоррен бұл титулды айқас болатын сеніммен айтқан. Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес шәкіртінің 2017 жылы төрт кездесу өткізетінін, оның бірі маусым айында Қазақстанда ұйымдастырылатынын мәлімдеген. Бұл ЭКСПО-2017 кезінде Астанада өтуі мүмкін.