Apple компаниясы қолданушының биометриялық идентификациясы жүйесін дайындап жатыр, деп мәлімдеді KGI Securities компаниясының сарапшысы Мин-Чи Куо. Аталған технология Touch ID технологиясын алмастырмақ. Бұл туралы AppleInsider жазады.
Сарапшының сөзінше, Apple OLED-дисплей арқылы саусақ іздерін тану үшін оптикалық сенсор жасап жатыр. Осы арқылы телефонның экраны биометриялық ерекшеліктерді оқи алатын болады. Сонымен қатар, OLED-экраны TFT-LCD баламаларына қарағанда анағұрлым жұқа.
Мин-Чи Куоның айтуынша, алдағы уақытта компания өнімдері адамның бет-әлпетін тани алатын технология шығармақ.