• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасының Заңы

303 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қа­зақстан Республикасы Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Рес­публикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №16-17, 642-құжат; №23, 929-құ­­жат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №10, 244-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №23, 309-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 7-құ­жат; №4, 25-құжат; №11, 56-құ­жат; №14, 103-құжат; №15, 138, 139-құ­жаттар; 200­4 ж., №3-4, 16-құжат; №5, 25-құжат; №6, 42-құжат; №16, 91-құ­жат; №23, 142-құ­жат; 2005 ж., №21-22, 87-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №4, 24, 25-құжаттар; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №3, 21-құжат; №4, 28-құжат; №5-6, 37-құ­жат; №8, 52-құ­жат; №9, 67-құжат; №12, 88-құжат; 2009 ж., №2-3, 16-құжат; №9-10, 48-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құ­жат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №3-4, 12-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28-құ­жат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құ­жат; 2011 жылғы 18 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15 ақпан­да «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақ­стан Республика­сы­ның кейбір заңнама­лық актілеріне ипо­текалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтыну­шылар мен инвес­торлардың құқықтарын қорғау мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Респуб­ли­касының Заңы) мынадай өзгерістер мен толық­тырулар енгізілсін: 1) 938-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған жұмыс беруші кәсібі мен біліктілігі дәл осындай қызметкердің орташа жалақысының мөлшерін ұл­ғайтқан кезде жәбірленушінің кәсіби еңбекке қабілетін, ал ол болмаған кезде – жалпы еңбекке қабілетін жоғалтуы дәрежелеріне сәйкес келетін, ұлғай­тыл­ған орташа айлық табысының (кірі­сі­нің) пайыздарымен айқындалатын жо­ғал­тылған табысты (кірісті) өтеу сомаларын қайта есептеу жүргізіледі.»; 2) 943-бапта: тақырыбындағы «және айлық есептік көрсеткіштің өсуіне» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөлігіндегі «айлық есептік көрсеткіштің» деген сөздер «жалақы­ның ең төменгі мөлшерінің» деген сөз­дермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлік­пен толықтырылсын: «Міндетті сақтандыру шарты бой­ын­ша төленетін жоғалтылған табысты (кірісті), жәбірленуші денсаулығының за­қымдануына немесе оның қайтыс бо­луына байланысты тағайындалған өзге де төлемдерді өтеу сомалары өткен жыл­ғы тұтыну бағаларының индексіне пропорционалды түрде ұлғайтылады.»; 3) 945-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Банкроттық салдарынан таратыл­ған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмі­рі мен денсаулығына келтірілген зи­ян­ды өтеу жөніндегі төлемдерді капи­тал­дан­дыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қа­зақ­стан Республикасының азаматына Қа­зақстан Республикасының Үкіметі бел­гілеген тәртіппен ай сайынғы тө­лем­дер жүзеге асырылады.»; 4) мазмұндағы 943-баптың тақыры­бын­дағы «және айлық есептік көрсет­кіш­тің өсуіне» деген сөздер алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң, 1-баптың 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қол­да­ныс­қа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы наурыздың 30-ы. №424-IV ҚРЗ