• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Қазақстанда халыққа арнайы қызмет көрсететін ҮЕҰ саны артты

481 рет
көрсетілді

Қазақстанда соңғы жылдары халыққа арнайы қызмет көрсету үшін мемлекетпен тартылған үкіметтік емес ұйымдардың саны артты. Бұл туралы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі ҚР Үкіметі отырысы барысында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Сонымен қатар министр өз ведомствосының бірқатар бағыттар бойынша үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл жүргізетінін айтып өтті. Оның айтуынша, ҮЕҰ-лар күрделі өмір жағдайына тап болған адамдарға арнайы көмек көрсету үшін, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, туберкулезбен күрес және т.б. жағдайларда көмек көрсету мақсатында жұмысқа тартылады. Қазақстанда арнайы әлеуметтік қызметтер 2009 жылдан бастап көрсетіледі. Осы сектордағы ҮЕҰ мен мемлекет ынтымақтастығына 7 жылдам астам уақыт болды және ол өмірінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға тең жағдай жасауға бағытталған. Осы аралықта ҮЕҰ-дың арнайы әлеуметтік қызмет көрсету нарығына қатысуы 2009 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті, бюджеттік қаражат көлемі мен арнайы қызмет көрсетілетін адамдардың саны да артты. Мысалға, инватакси қызметі 2014 жылы бірінші және екінші топтағы мүгедектерге қозғалу құралдары арқылы қолдау көрсетудің қосымша тәсілі ретінде енгізілген болатын. Бұл бастаманы мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері ұсынған еді. Олар еліміздің 13 өңіріне аталған қызметті ұсынатын негізгі жеткізушілер. Бүгінде 180 машинасымен автопаркі бар 13 инватакси қызметі жұмыс істейді.