• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Тайландта су тасқынынан қайтыс болғандар саны 85-ке жетті

460 рет
көрсетілді

Тайландтың оңтүстік провинцияларында су тасқынынан құрбан болғандар саны 85-ке жетті, деп хабарлады "Хабар 24". Тағы 4 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал табиғи апаттан жапа шеккендер қатары 1 миллион 700 мың адамнан астам. Төтенше жағдай жөніндегі орталықтың басшысы Чанчай Промлеттің айтуынша, кейбір провинцияларда су деңгейі төмендегенімен, біраз өңірлер әлі су астында қалып отыр. Ал Наратхиват өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Дегенмен, Пхукет, Краби аймағы мен Самуи және Пханган аралдарына көп зиян келе қоймаған. Бұл жерлерде туристік нысандар қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Айта кеткен жөн, Тайландтың оңтүстігіндегі су тасқыны осы айдың алғашқы күндерінен басталған толассыз нөсер салдарынан туындаған.