• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Трамп АҚШ компаниялары басшыларына салықты азайтуға уәде етті

358 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде америкалық ірі компания басшыларымен кездесіп, биліктің жеке секторға қысымын азайтып, мемлекеттің бизнесті реттеу тетіктерін қысқартып, салықты азайтуға уәде етті. Сонымен қатар Ақ үй басшысы америкалық компания өнімдерін сыртта өндіріп қайта елге импорттайтындарға жазаны күшейтетінін ескертті, деп жазады investing. Трамп бірер күн бұрын өткен инаугурация рәсімінде АҚШ-тың бұрынғы өнеркәсіптік қуатын қалпына келтіретінін айтқан еді. Ақ үйдегі кездесуде Трамп Ford, Dow Chemical, Dell Technologies, Tesla және өзге де жергілікті ірі компания басшыларымен әңгімелесті. Кездесу барысында президент қазіргі 35 пайыздық салықты 15-20 пайызға түсіретінін айтты. Сонымен қатар Трамп мемлекеттік реттеу шараларын 75 пайызға дейін азайтатынын айтты.