• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Британия Жоғарғы соты елдің ЕО-дан шығуына тыйым салды

376 рет
көрсетілді

Британия үкіметінің Еуроодақтан шығу туралы шешім қабылдауы үшін алдымен оны ел парламенті мақұлдауы керек, деген Қаулы шығарды елдің Жоғарғы соты. Бұл туралы BBC хабарлайды.

Осы арқылы Британия Жоғарғы соты Лондон сотының қарашадағы шешімін қолдап отыр. Ол кезде Лондон соты да Британия үкіметі парламенттің келісімінсіз Одақтан шықпауы керектігін айтқан еді.

Сонымен қатар, Жоғарғы сот Британия билігі одақтан шығу үшін Шотландия, Уэльс, Солтүстік Ирландияның өкілдерінің де келісімін алуы керектігін айтып отыр.

Дегенмен, сот Британияның ЕО-дан шығар-шықпасын талқыламады. Өйткені бұл жаздағы рефрендумда шешіліп қойылған. Тек енді үкімет парламенттің мақұлдауын алуы керек екендігі айтылуда.