Күннің жылынуына байланысты электр самокаттарын пайдалану көрсеткіші артып келеді. Осыған байланысты Алматы қаласында «STOP бұзушылық» өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қаладағы электр самокаттарының қозғалысын бақылау үшін арнайы экипаж жасақталған.
Оның құрамына учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері кірген. Арнайы топ жалпы білім беретін оқу орындарының маңына және оған іргелес көше-жол желілерін айрықша назарға алады.
Енді Алматыда көшеде қараусыз қалған электросамокаттар тәркіленді
Бір күннің қорытындысы бойынша электр самокаттарын пайдалану қағидаларын бұзудың 70 дерегі анықталған, оның ішінде 10 жағдайда кәмелетке толмағандардың басқару фактілері тіркелді.
1 шілдеден бастап электросамокаттарға мемлекеттік нөмір беріледі
Полиция кикшеринг компанияларымен бірлесіп, құқық бұзушылықтарға жол берген пайдаланушылардың 7 аккаунтын бұғаттады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың 3 заңды өкілі балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.