• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

2017 жылы саудаға шығарылатын мемлекеттік меншіктегі нысандар

347 рет
көрсетілді

2017 жылы саудаға шығарылатын мемлекеттік меншіктегі нысандар белгілі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Ыбырайымов мәлімдеді. «Үстіміздегі жыл инвесторлар үшін тартымды болады деп ойлаймын. Биыл біз топ-65 нысандарын сатудың белсенді сатысына өтеміз. 2017 жылы бұл ірі нысандар тізімнен сатылымға 17-сі  қойылады. Сонымен қатар біз 264 нысанды саудаға шығаратын боламыз. Мұнымен қоса, өткен жылы мемлекеттік меншіктегі нысандарды түгендеу нәтижесі бойынша қосымша 105 нысан анықталды және олар сатылым жоспарына енгізіледі»,-деді Ғ. Ыбырайымов. Бір айта кетерлігі, 2017 жылға жоспарланған ірі насандар арасында «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ, «СК-Фармация» ЖШС, «Қазмедтех» АҚ, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық», «Астана қонақ үйі» АҚ, «Еуро-Азия Эйр» әуе компаниясы, «Қазтеміртранс» АҚ,  «АSTANA SOLAR» ЖШС, «KAZAKHSTAN SOLAR SILICON» ЖШС, «КАУСТИК» АҚ және өзге де компаниялар бар.