• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Қазақстан елшісі Мажарстанның атақты фотографымен кездесті

321 рет
көрсетілді

2017 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Нұрбақ Рүстемов Мажарстанның кәсіби фотографы Дьөрдь Конкой-Тэгемен кездесті, деп хабарлайды осы елдегі Қазақстанның Елшілігі. Кездесу барысында Елші Дьөрдь Конкой-Тэгенің шығармашылығымен танысты. Айта кетейік, Дьөрдь Конкой-Тэгенің көрмелері бүгінге дейін Нью-Йорк, Лондон, Будапешт, Мәскеу секілді ірі қалаларда ұйымдастырылып, туындылары Magazine of Brussel Airlines, Delta Airlines Magazine, Magazine of Qatar Airways, Glamour, Malev, Kepmas, Cosmopolitan секілді бірнеше халықаралық басылымдарда жарияланған. Төменде фотографтың туындыларының бір парасы ұсынылған.