• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Журналист Әлисұлтан Құланбай 63 жаста

604 рет
көрсетілді

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы асқаралы 63 жасқа келген белгілі журналист Әлисұлтан Құланбайға құрмет көрсетіп, туған күнімен құттықтады. Газет басшысы Дархан Қыдырәлі ардагер журналистің ұзақ жылғы еңбек жолының жастарға үлгі екенін айтып, басылым атынан естелік сыйлық тарту етті. Құттықтау жиналысында Марат Аққұл, Еркін Қыдыр, Сейфолла Шайынғазы, Қарашаш Тоқсанбай сынды әріптестері сөз алып, Әлисұлтан Құланбайдың қаламгерлік қуаты, кісілік болмысы, әсіресе «асыл адам айнымас» деген қағидаға сай өзіндік өмір сүру  принциптеріне беріктігі жайын аса ризашылықпен жеткізді. Ел мен жер сырына қанық, аты шалдықпас, қоржыны аумас ұзақ жолдың кәнігі жолаушысындай 63 жасқа аптықпай жеткен әріптесіміздің отбасына амандық, деніне саулық, аласармас абырой тілейміз.