• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

367 рет
көрсетілді

Қарағанды және Ақтөбе облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдардың қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін, 24 қаңтар күні Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына (қар, бұрқасын, көру мүмкіншілігінің болмауы) байланысты «Жезқазған-Петропавл» тас жолының Ұлытау ауылынан Қостанай облысына дейінгі бөлігі (177-330 шақырым аралығы) барлық көліктер үшін жабылды. Дәл осындай себеппен Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының Шұбарқұдық ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі бөлігінде (136-252 шақырым аралығы); «Қандыағаш-Емді-Шалқар-Ырғыз» тас жолының Қандыағаш қаласынан Шалқар қаласына дейінгі бөлігінде (0-257 шақырым аралығы); «Самара-Шымкент» тас жолының Қобда ауылынан Маржанбұлақ ауылына дейінгі бөлігінде (618-703 шақырым аралығы) барлық көліктер үшін шектеу қойылды.