Алматыдағы Универсиадаға Моңғолия елінен 15 адам, соның ішінде 10 спортшы және 5 ресми тұлға келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Универсиаданың баспасөз қызметі хабарлағандай, құрамаға енген спортшылар шаңғымен жүгіру және конькимен жүгіру спортында ойын көрсетеді.
Қысқы Универсиада ойындарында Моңғолия жалауын Сочидегі Олимпиада ойындарына қатысқан Чинбатын Отгонцэцэг көтеріп шығады. Моңғолия делегациясының басшысы және Моңғолия студенттік спорт одағының атқарушы директоры Ч. Эрдэнэтуяа Моңғолия құрамасының басты мақсаты медаль алу емес екенін, керісінше, спортшыларының жеке көрсеткіштерін жақсартуды көздеп отырғанын атап өтті.
Айта кетейік, Моңғолия қысқы студенттік ойындарға 1991 жылдан бастап қатысып келеді.