• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Балабақша тізімі – бақылауда

777 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелердегі орындардың бөлінуіне тұрғындар тарапынан аздаған сенімсіздік туындауда. Құқық қорғау және бақылау органдарының жүргізіп отырған қатаң қадағалауына қарамастан, халықтың басым бөлігі балабақшаға бала қабылдау кезегінің не себепті алға жылжымай жатқандығын түсінбейді. Осы мәселеге байланысты Қарағанды облысында балабақшаға электронды кезекке тұру жобасы әзірленіп жатыр.  Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов айтып өткендей, қазіргі таңда 1 жастан 6 жасқа дейінгі бала­лардың 87,6 пайызы және 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдір­шіндердің 98 пайызы мектепке дейінгі білім беру жүйесімен қамтылған. Жоба аясында енді ХҚО арқылы мектепке дейінгі мекемелерге балаларды автоматты түрде кезекке тұрғызып қана қоймай, балабақшалардағы орындардың бөлінуі де жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Бұл аталған қызметтерге адамдардың тіке­лей байланысына шектеу қояды. Аймақ тұрғындары толық ақпарат алуы үшін белгілі бір мектепке дейінгі мекемедегі топ құрамының толықтырылуы, босаған орындар туралы мәлі­меттер, кезектілік пен рейтинг жағ­дайы онлайн режімде көр­сетілетін болады. Кезектілік жағдайы жайлы тоқсан сайынғы СМС-хабар­лама жолдауды да қарас­тырып отыр. Сонымен қатар, СМС-хабарлама мектепке дейінгі ұйымдарға есепке тұру және одан орын алу кезінде де жібе­рі­летін болады. Қарағанды облысында балабақшаға электронды кезекке тұру жобасын осы жыл­дың аяғына дейін білім беру бөлімдерінің сайтында жариялау жоспарланған. Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ