• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 18:41

Қостанайда бір топ мас адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады

10 рет
көрсетілді

Қостанайда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ескерту жасаған полиция қызметкеріне бірнеше мас азамат шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қызметкер жұмыстан тыс уақытында қасына кәмелетке толмаған балаларын ертіп бара жатқан. Ол полиция формасында болып, мас күйде жүрген бір топ ер адамға қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ескерту жасаған. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Полиция қызметкері құқық бұзушыларға ескерту жасағаннан кейін олар ашық агрессияға көшіп, күш қолданды. Шабуыл жасағандардың барлығы анықталып, оқиға орнында ұсталды», деп хабарлады полиция.

Полиция департаментінің ресми мәліметінше, зардап шеккен полиция қызметкері амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

Алматыда жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Алайда жағдайы толықтай жақсы емес. Оқырмандардың айтуынша, полицей ауруханаға жеткізілгенімен, ауруханаға жатудан бас тартқан. Егер жағдайы нашарласа, қайтадан дәрігерлерге қаралмақ. Зардап шеккен қызметкер бас-ми жарақатын алып, денесінің әр жерінен соққы алған. Ал оқиға кезінде жанында болған полицейдің балалары дін аман екені хабарланды.

Өскеменде патрульдік полицияға шабуыл жасалды

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасағандар үшеу болған, ал тағы бірнеше адам, соның ішінде такси жүргізушісі, төбелестің куәгері болған.

 
Соңғы жаңалықтар