Кеше Ақордада Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Лимен кездесу өткізді.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық салаларда, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша белсенді үнқатысу үдерістерін ұстану ниеттерінде екенін білдірді.
Келіссөз барысында сәуір айында Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысын өткізуге байланысты мәселелер талқыланды.
«Егемен-ақпарат».