Корпорацияның Орта Азия бойынша өңірлік директоры Моаззам Меканның айтуынша, соңғы төрт жылда Қазақстанға құйылған қаржы көлемі 600 млн доллардан асады. Ал 1997 жылдан бері салынған инвестиция көлемі 1,09 млрд теңгеден асады. Бұл қаржы елдегі қаржы, газ, тау-кен, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп секторларындағы 56 жобаға берілген.
Меканның айтуынша, 2016 жылы корпорацияның Қазақстандағы жұмысы баяулап кетті.
"Бұл елдегі экономикалық жағдаймен байланысты. Дегенмен, біз инфрақұрылым мен экономиканың нақты секторында жұмыс істей беретін боламыз", - деді өңірлік директор.