• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

ҚР Премьер-Министрі кеңес өткізді

212 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты. Кеңес барысында ЭЫДҰ стандарттары мен «Yellow Pages Rule» қағидаларына сәйкес бағытталған заңнамалық және әкімшілік шаралар пакеті талқыланды. Денсаулық сақтау, қаржы нарығын дамыту және тауарлар мен қызметтер тиімділігін арттыру салаларындағы заңнамалық актілерге түзетулер енгізу қарастырылған. Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.