• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

2016 жылы Қостанайда бейнекамера арқылы 141 қылмыс ашылған

330 рет
көрсетілді

Қостанай облысында 274 видеобақылау жүйесі жұмыс істейді. Оның 181 камерасы Қостанай қаласында  орнатылған. 60 камера аулаларды бақылайды.  Олар арқылы былтыр 28 мың құқық бұзушылық анықталған, 141 қылмыс ашылған. Көшедегі бұзақылықтар 14 пайызға, қоғамдық орында 16 пайызға азайған. Облыстық ішкі істер департаментінің 2016 жылғы қызмет қорытындылары туралы кеңейтілген мәжілісте жергілікті полиция қызметінің бастығы Нығмет Ысмағұлов өткен жылы 132 видеотіркегіш алынғанын, биыл бірінші тоқсанда тағы да 200 осындай құрылғы, ал бюджет қаржысының түсуіне қарай алдағы уақытта 330 видеотіркегіш орнатылатынын айтты. Өткен жылы құқық бұзушыларға 1 миллиард 69 миллион теңгенің хаттамасы толтырылған. Соның бюджетке 669 миллион теңгесі түсті, ол 62,5 пайызын құрайды. Кеңейтілген мәжілісте полицейлер тәртібі туралы көп айтылды. Соның ішінде жергілікті полиция қызметіндегі кемшіліктер де сөз болды. Өткен жылы полицейлер үстінен 15 қылмыстық іс қозғалған, соның 11-і жол полицейлеріне қатысты болған. 19 қызметкер жұмыстан босатылған, 4 бастық лауазымынан алынған, 356 қызметкер жазаға тартылған. «Рубеж» бекетінің құрамы түгел жаңартылған. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»