• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

2016 жылы Қостанай облысында ұрлық көбейген

368 рет
көрсетілді

Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің 2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген мәжілісте өткен жылы облыста қылмыстың тіркелуі алдыңғы жылға қарағанда 11,3 пайызға азайғанымен, ұрлықтың өршіп тұрғаны айтылды. Кеңейтілген мәжіліс жұмысына қатысқан еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев жалпы қылмыс құрылымында Қостанай облысында ғана ұрлық былтыр 63 пайызға көбейгенін айтты. Ол жалпы ұрлықты азайту, онымен күресті күшейту үшін елімізде жасалып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Қымбаттауына байланысты ұялы телефондар ұрлығы көбейіп барады. Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі мен еліміздегі ұялы байланыс операторлары арасында ұрланған абоненттік құрылғыларды шектеу, өшіріп қою туралы бірлесіп жұмыс істеу жөнінде меморандумға қол қойылды. Елбасы еліміздегі Байланыс  туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Онда көрсетілгендей, енді телефондардың абоненттік номерлері IMEI-код және оның иесінің  ИИН-і бойынша тексерілетін болады. Егер номерлер сәйкес келмесе, телефон өшіріледі. Оны  ешкім де пайдалана алмайды. Тұрғымбаевтың айтуынша, бұл жұртты бөріктіріп, террорлық жарылыстар туралы телефонмен өтірік ақпарат беретіндерден құтылуға да септігін тигізбек. Сонымен қатар қазір ломбардтар да ұрылардың  әкеп өткізген заттарын қарамай сататындығы айтылды. Қалтаға түсетіндерге де зардап шегушімен татуластыру арқылы ісін сотқа жеткізбей жұмсақтық танытылады. Министрдің орынбасары алдағы уақытта ұрлықты қайталағандар үшін заңды қатайту жағы қарастырылатынын да еске салды. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»