• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Қостанай облысында үздік ішкі істер бөлімдері анықталды

399 рет
көрсетілді

Облыстық ішкі істер департаментінің  2016 жылдың жұмысын қорытындылаған  кеңейтілген жедел мәжілісінде облыстық ішкі ісер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов «Үздік ішкі істер бөлімі» аталымы бойынша қызметте ерекше көзге түскен аудандар мен қалалардың полиция бөлімдеріне көшпелі вымпелдер мен мақтау қағаздар тапсырды. Полицейлер үшін өткен 2016 жыл жеңіл болған жоқ. Жыл қорытындысы бойынша Жітіқара, Лисаков қалалық, Ұзынкөл  аудандық ішкі істер   бөлімдері мен Арқалық қалалық ішкі істер басқармасы үздіктер қатарынан көрінді. «Біздің полиция бөлімінің мұндай жетістігіне әр қызметкердің үлесі бар», деді Жітіқара қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Серік Нұртаев. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»