• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Фируза Шәріпова Австралияда жекпе-жек өткізуі мүмкін

350 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский Австралияда жекпе-жек өткізу ұсынысы жайында айтып берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Бізге 26 наурызда Австралияда Деанна Хоббспен жұдырықтасу туралы ұсыныс түскені рас. Ол BoxRec рейтингі бойынша сегізінші орында тұр. Екі жекпе-жек өткізген және екеуін де уақытынан бұрын аяқтаған. Бізге мықты қарсылас болайын деп тұр. Егер Ресей немесе Қазақстанда жекпе-жек өткізу ұсынылғанда еш қиындық болмайтын еді. Бірақ Австралияға бару және ол жаққа үйренудің өзі біраз уақытымызды алады. Осыған байланысты біз әлі нақты шешімге келмедік. Оның үстіне гонорар көлемі аздау, оны арттыруын сұрадық. Ал екінші жақ бұл туралы ойланып жатыр. Негізі бұдан өзге де ұсыныстар бар», – деді Завилейский «Жалпы, бізге осы деңгейдегі қарсыластар керек. Фирузаны Еуропада, Австралияда, Америкада жақсы таниды. Бірақ өзі осы жекпе-жеке құлшынып отыр. Сондықтан жақын арада жан-жақты ойлап, бір шешімге келеміз», – деді менеджер. Айта кетейік, Фируза Шәріпованың көктемде чемпиондық атаққа таласуды жоспарлап жүргені хабарланған.