Бүгін Астананың ішкі істер департаментіне таңғы уақытта жол-көлік оқиғасына байланысты 20-дан аса хабарлама келіп түсті, деп хабарлады today.kz.
«25 қаңтар күні таңертеңгісін жол апатына байланысты 22 хабарлама келді. Оның 10-ы расталды, яғни рәсімделді», – деді полиция қызметкерлері.
Елордалық мамандар жол апатының артуы ауа райының күрт бұзылуымен байланыстырады.
Айта кетейік, күн райының қолайсыздығынан 24 қаңтар күні 20:00-ден бастап Астана-Көкшетау тас жолы жабылса, 21:30-дан Екатеринбург-Алматы жолында көлік қозғалысының барлық түріне шектеу қойылды.
Астанада 24-25 қаңтар күндері, сондай-ақ, 26-сы түнде бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 20 м/с барады деп күтілуде. Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде Солтүстік Атлантика және Жерорта теңізінен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.