• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Оңалту орталығы

586 рет
көрсетілді

мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге қолдау көрсетеді Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда 45 мыңға тарта мүгедек бала арнайы есепте тұр. Олардың басым көпшілігі – туабітті сал ауруына шалдыққандар. Себебі, бұл дерт, өкінішке қарай, соңғы жылдары ең көп таралған аурулардың біріне айналды. Ресми дереккөздерге сүйенсек, елімізде 2014 жылдары мұндай диагноз 10 мыңнан астам балаға қойылса, 2015 жылы аталған аурумен науқастанатындардың саны 2010 жылмен салыстырғанда 6,9 пайызға өскен. Ал 2016 жылы бұл дертпен ауыратындар қатары тағы да 1500 балаға артқан. «Әрине, бұл аурудың се­бе­бі көп. Балалар ағзасына түр­лі ішкі және сыртқы фак­тор­лардың әсер етуінен болуы мүмкін. Бұл аурумен нау­қас­танатындардың арасында өз уа­қы­тынан ертерек дүние есігін аш­қан сәбилер де кездеседі. Се­­бебі, аз салмақпен өмірге кел­­­ген балалардың иммунитеті өте әлсіз келеді. Сондықтан, олар туған кезде дені сау болып көрінгенімен, аурудың мұндай түрі уақыт өте келе пайда болуы мүмкін. Демек, мұн­дай балалар да туабітті сал ауруына жиі шалдығады», дейді елордадағы Балаларды оңал­ту ұлттық орталығының дә­рігер-невропатологі Әсия Ризванова. Әрине, мұндай балаларға ең алдымен, оңалту, қоғамға бейімдеу орталықтарында жүргізілетін медициналық ем-дом шаралары көп септігін тигізері анық. Мәселен, Астана қаласы әкімдігіне қарасты Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге, оның ішінде аталған дертке шалдыққан балаларға қолдау көрсетіп, қолұшын созу, оңалту мақ­са­тында құрылған. Қазіргі таңда аталған орталықта сал ауруымен ауыратын 320 бала есепте тұр екен. «Бізде 1,5 жастан асқан балалар мен 18 жасқа дейінгі жеткіншектер 10 күн сайын 4 сағат бойы кешенді түрде ем қабылдап тұрады», дейді орталықтың қызметкері Жәнібек Жандуллаев. Бұдан бөлек, тағдырдың қатал сынына жастайынан бетпе-бет келген балаларға мем­лекет тарапынан қолдау-көмек көрсетудің, мейірім шуағын төгудің де рөлі орасан. Осындай мазмұндағы ізгі шара «Думан» ойын-сауық орталығында болды. «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы «Бақытты балалық шақ» пар­тиялық жобасы аясында сал дертіне шалдыққан ба­лаларға арнап «Думан» ойын-сауық орталығына тегін экскур­сия өткізді. Бұл шараға 18 жас­қа толмаған 100-ге тар­та жеткіншек қатысты. Экс­курсияның барысында балалар «Океанариумды», «Джунглий» аниматроникс театрын тама­шалауға мүмкіндік алды. «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының төрағасы Мұхамеджан Болысбек «Жас Отан» Жастар қа­натының мұндай сипаттағы іс-шараларды алғаш рет өт­кі­зіп отырмағанын, бұл бұған дей­інгі шаралардың заңды жал­ғасы екенін жеткізді. «Біз негізінен, тұрақты түрде жә­не түрлі бағытта шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Олар­дың барлығы «Бақытты бала­лық шақ» жобасы аясында өт­кізіліп келеді. Мәселен, былтыр демеушілердің қолдау-кө­мегімен мүгедек балаларға ар­налған арбаларды сыйға тарт­тық. Жалпы, 2016 жылы Әлеу­меттік қызмет көрсету ор­та­лығымен бірлесіп 15 іс-шара өткіздік. Жетімдер үйі­мен, балабақшалармен ара­да тұрақты байланысымыз бар. Алдағы уақытта да осын­дай шараларды одан әрі жал­ғастырмақпыз. Біз осы ар­қылы олардың өмірге деген құл­­шыныстарын оятқымыз ке­­леді. Ал бүгінгі шараны ұй­ым­- ­­дастыруға қолдау көр­­сет­кені үшін «Думан» ойын-сауық орталығының бас­шы­лы­ғына алғысымызды біл­ді­ре­міз», деді ол. Шара соңында балаларға түр­лі сый-сияпаттар ұсы­нылды, ал олардың жүз­де­рі­нен байқалған қуаныш ұш­қ­ы­нын көрген ата-аналар ұйым­дастырушыларға ри­за­шылықтарын білдіре ке­ле, әлеуметтік қызмет көр­се­ту, қоғамға бейімдеу ор­та­­­лық­та­рының шарапаты әлі талай бүлдіршіннің ая­ғынан тік тұрып кетуіне сеп­тігін ти­гі­зетініне сенім біл­дірді. «Бүгін осы жерге екі мүмкіндігі шек­теу­лі ба­ламмен келіп отырмын. Ба­лаларымның көңілі кө­теріліп қалды, сол себепті ұйым­дастырушыларға үлкен ал­ғысымды білдіремін», деді ел­ордалық тұрғын Алтынгүл Есіркепова. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»  АСТАНА