• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Тараз туристерді тосады

623 рет
көрсетілді

Енді санаулы айдан ке­й­ін асқақтаған Астана тө­рін­де ЭКСПО-2017 ха­­лықаралық көр­­ме­сі бас­талады. Бұл ел та­ри­хын­дағы айтулы ке­зең бол­мақ. Тарихы тасқа тұнған шежі­ре­лі өлке Жамбыл облысының да халықаралық көрмеге қо­са­тын өзіндік үлесі бар. Мың­жыл­дықтардан тамыр тартқан та­рихи өлкеге шетелдік ту­ристердің де қызыға қарай­ты­ны рас. ЮНЕСКО тізіміне ен­ген бес тарихи ескерткіштен бө­лек, өз алдына шежіре шер­тетін нысандардың алатын орны бір басқа. Есте жоқ ескі замандардан бері ел мүдде­сі­не, ұрпақ ұлағатына қызмет етіп келе жатқан тарихи орын­дардың осы жолы да әлем мәдениетіне танылуына кең жол ашылмақ. Бүгінгі таң­да облыстағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің сан­дық көрсеткіштері 3365-ке жет­ті. Оның ішінде 741 тарихи-мә­дени ескерткіш мемлекеттік ті­зімге алынған болса, мұның 711-і жергілікті дәрежедегі, ал 25-і республикалық дә­ре­же­­дегі ескерткіштер. Сон­дай-ақ, 5 тарихи-мәдени ескер­т­­кіш­ ЮНЕСКО-ның Бү­кіләлемдік тарихи-мәдени мұ­раларының тізіміне алынып, халықаралық дәрежедегі ескерткіштер мәртебесін алып отыр. Ал қалған  2624 та­рих және мәдениет ес­кер­т­кіш­і алдын ала тізімге алын­ған. Облыс бой­ын­ша ЮНЕСКО-ның Бү­кіл­­әлем­дік мәдени мұралар ті­зі­мі­не енгізілген тарихи-мә­де­ни ескерткіштердің қата­рын­да ортағасырлық Қостөбе қа­ла­шы­ғ­ы (VI-XII ғғ.), Ақыртас ке­шені (VIII-XIV ғғ.), орта­ға­сырлық Өрнек қалашығы (VIII-XII ғғ.), ортағасырлық Құлан (VI-XIII ғғ.) қалашығы, жә­не ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) (VI-XIII ғғ.) қа­ла­шы­ғы бар. Ал алдағы ЭКСПО-2017 көр­месіне орай, өңірге мыңға тар­та турист келеді деп жос­парланып отыр. Осыған орай, облыстық Тарихи-мә­де­ни ескерткіштерді қорғау жә­не қалпына келтіру дирек­ция­сы­ның директоры Сейітжан Ілияс Жамбыл облысында ор­на­ласқан 34 тарихи-мәдени ес­кер­ткіштің өңірлік туристік кластерді дамыту мен келген туристерді аралату нысаны ретінде алынып отырғанын айтады. Олардың қатарында  көне VI-XIII ғасырларға жататын Құлан қалашығы, VIII-XII ғасырларға жататын Меркі, Өрнек қалашықтары, VI-XIII ғасырларға жататын Ақтөбе (Баласағұн) қалашығы, сонымен қатар, Ақыртас, Қостөбе, ежелгі Тараз қалашығы, Тө­мен­гі Барысхан қалашығы, Түймекент қалашығы, Охқум қалашығы, Жалпақтөбе қа­ла­шығы, Бабаджа хатун маза­ры, Беріққара қорымдары, Тә­ңірқазған мен Бөріқазған тұ­ра­қ­тары, Айша бибі, Қарахан мен Тектұрмас кесенелері және өз­ге де тарихи-мәдени нысандар бар. Қазіргі таңда облыста бұл ескерткіштердің айналасына жол салу, олардың бағытын көрсететін тақтайшалар мен бан- нерлер ілу сияқты жарнамалық жұмыстар жүргізілуде. – Елімізге ЭКСПО-2017 қарсаңында келетін туристер­ге жеріміздің көрнекті та­рихи-мәдени орындарын таныстыру үшін жасалып жатқан іс-шаралар тиянақты түрде орындалуда, – дейді Сейітжан Рысбекұлы. Аталған көрме елдің елдігін, ұлт­тың ұлттығын танытып қана қоймай, еліміздегі көне шаһарлар мен ескерткіштерді  паш етіп, әлемнің одан әрі қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз. Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы