• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2011

Қаракөл елтірісін өңдеп, дайын өнім шығарайық

1097 рет
көрсетілді

Қаракөл шаруашылығы – еліміздің шөл және шөлейтті аймақтарының экономикасында ерекше орын алатын Қазақстан Республикасының қой шаруашылығындағы келешегі мол саланың бірі. Оның басты өнімі эстетикалық жағынан құнды болып есептелетін қаракөл елтірісі, сондай-ақ қой еті, ірі талшықты жүн өндіру болып табылады. 1990 жылы біздің республи­ка­мызда қаракөл қойының саны 6,2 млн.-ға жетті. Отар құрылы­мын­да­ғы аналықтардың үлес салмағы 70% шамасын құрап, жыл сайын 2,5 млн. дана қаракөл елтірісі өндірілді. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша қа­ракөл қойы­ның саны төмендеп, 1,1 млн. ғана қалған. Қызылорда облысы қой ша­руа­шылығы саласында тек қана қаракөл қойларын өсірумен айна­лысатын республиканың негізгі аймақтарының бірі болып та­бы­ла­ды. 1990 жылдардың басында қаракөл қойын өсірумен айна­лы­сатын 30 кеңшарда 1,2-2,3 млн. бас қаракөл қойы болды. Бұл республика бойынша 22,3 пайызды құрайтын. Қазіргі кезде қаракөл қойларының саны 70 пайызға дейін кеміп кеткен. Ал облыс көлеміндегі шөл және шө­лейтті жайылымдар қаракөл шаруа­шылығын тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Қаракөл қой тұқымынан бас­қа ауылшаруашылығы мал­дары­ның бірде-бір түрі Қазақстанның, сондай-ақ Қызылорда облы­сы­ның шөл және шөлейтті айма­ғы­ның қатаң жағдайларына жақсы бейімделмеген. Ал бұл қой тұ­қымы ұзақ қашықтықта жайыла алады (тәулігіне 10-15 шақы­рымға), ішілген судың жоғары ми­нералдануын және ауа тем­пе­ра­турасының күрт ауытқуын жақсы көтереді. Қаракөл қой тұқымы ертеден келе жатқан әлемдегі мал тұ­қым­дарының бірі болып табылады. Сондықтан, бұл қой тұқымын сақтау және оның басын көбейту шөлді-шөлейтті аймақтар үшін өте қажет. Осыған орай, осы қой тұ­қымын асылдандыру жұмыс­та­ры­на және оны көбейтудің мәсе­ле­леріне ерекше көңіл бөлу қажет. Қылышбай БИСЕНОВ, Мәжіліс депутаты.