• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2017

Астанада бірнеше саябақ салынуы мүмкін

474 рет
көрсетілді

Астана әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен қала құрылысы кеңесінің отырысы өтіп, онда саябақтар мен гүлбақтар салу, елорда көшелерін жарықтандыру, көгалдандыру және абаттандыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кеңес мүшелері ірі жасыл алқаптар жасау арқылы экожүйені жақсарту үшін қазіргі көгалдандыру бадарламасын дамытуды ұсынды. Көптеген жергілікті алаңдармен, рекреациялық аймақтары бар гүлбақтармен және тиісті инфрақұрылыммен полицентристік қала жасау арқылы өз үйлерінің жанында жайлы ортада отбасымен демалу мәселесін шешуге болады, дейді сарапшылар. Осылайша, шалғай жерде орналасқан демалыс орындарына бару қажеттілігі жойылады. «Креативті жобалар» бағдарламасы аясында елорданың түрлі бөлігінде 17 саябақ пен гүлбақ жасау бойынша жоба белсенді әзірленуде. Олардың үшеуі бойынша жобалау жұмыстары аяқталды.