• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2017

Бірегей кешен бой көтерді

338 рет
көрсетілді

Қазақстанның Еңбек Ері, ауылшаруашылық саласының білгір маманы, «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Иванович Зенченконың еліміздің қарыштап дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Даңғайыр диқанның алға қойған арман-мақсаттары көп болатын. Оның бірі – желкілдеп өсіп келе жатқан жастар үшін бірегей спорт кешенін тұрғызу еді. Серіктестік есебінен мол қаражат қарастырып, құ­рылыс жұмыстары бастала бергенде, ажал арамыздан беймезгіл алып кетті. «Орнында бар оңалар» деген. Оның ойын шаруашылық тіз­гі­нін ұстаған ұлы Геннадий жүзеге асырды. Новоникольск елді меке­нін­де денешынықтыру және сау­ық­тыру кешені бой көтеріп, ашылу салтанатына облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. Заманауи құрал-жабдықтар орнатылған мұндай кешен қалалық жерлерде де сирек кездеседі десек, артық айтқандық емес. Во­лейбол мен баскетболға арналған алаңдар, жаттығу залы, әдістемелік, меди­циналық кабинеттер, шеші­нетін, жуынатын бөлмелер, бильярд залы, 4 жолақшасы бар 25 метрлік бассейн жұмыс істейді. – Геннадий Иванович тұрғын­дардың өмір сапасын, денсаулығын жақсарту мәселесін әркез басты назарда ұстайтын. Әлеуметтік мәселе­лерге қаржы аямайтын. Осы ғи­­маратты салуға 240 миллион тең­ге бөлгізді, – деді өз сөзінде Ерік Хамзаұлы. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы  Суреттерді түсірген Виталий ВЛАСЕНКО