Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев палата бюросының мүшелерімен жұмыс бабындағы кеңес өткізді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Сенат басшысы Президент, Үкімет және Парламент арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мақсатындағы еліміздің Ата Заңы – Конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндіруге арналған депутаттардың 2-10 ақпандағы аймақтарға сапарына баса назар аударды.
«Президенттің бастамасы жұртшылық арасында кеңінен қолдау тапты. Ұсынылған түзетулерді халықпен бірге талқылау, енгізілетін өзгерістердің мәні мен мағынасын түсіндіру депутаттардың міндеті», деді Қ.Тоқаев.