• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2017

«Бәйтерек» пен «ҚазАгро» холдингтері қайта құрылады

311 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті мемлекеттік холдингтер рөлін қайта қарастыруды тапсырды. «Үкіметке «Самұрық-Қазына» холдингін сапалы түрде трансформациялау ісін жүзеге асыруды тапсырамын. Басқарушылық және өндірістік бизнес үдерістерін толық ревизия мен  оңтайландырудан өткізу қажет. Нәтижесінде ол тиімділігі жоғары, жинақы және кәсіби холдингке айналуға тиіс. Менеджмент пен корпоративті басқару сапасын халықаралық деңгейге жеткізу керек. Мемлекетке қандай маңызды секторларда, қатысу үлесінің қандай мөлшерімен және не қалдыратынымызды нақты анықтап алуымыз керек», – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, табиғи монополияларды және стратегиялық маңызы бар,  соның ішінде Трансұлттық компаниялар қатысатын жобаларды іске асыру міндетін мемлекетке қалдыру керек. Бұл жобалар мультипликативті нәтиже  беруге тиіс. Сонымен қатар Елбасы «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін де қайта құруды жүктеді. «Олар мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі операторлар болуға тиіс. Соған орай олардың функцияларын оңтайландыру керек. Жеке сектор жүзеге асыра алатын нәрсенің барлығы бизнеске берілуі қажет. Сондай-ақ, оларға бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік емес қаржы көздері арқылы қор қалыптастырумен айналысу керек», – деді ол.