• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2017

Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе арттыру керек - Президент

574 рет
көрсетілді

Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту - маңызды басымдықтардың бірі. Оған қазірдің өзінде қомақты инвестиция жұмсалды. Бұл туралы бүгін жарияланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған Жолдауында айтылған. «Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет», - деген Президент Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдың жылдық көлемін арттыру бағытында тапсырмалар берді. Атап айтқанда, контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе - 2 миллион контейнерге дейін; жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе - 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыру жүктелді. Транзиттік тасымалдаудан түсетін табысты 5,5 есе - жылына 4 миллиард долларға дейін көбейту қажет. «2015 жылы мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын ұсындым. Өткен 2 жыл ішінде бағдарлама өзін толық ақтады. Биыл республикалық маңызы бар 4 400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін соның кем дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп, кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі. Еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажет. Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты Құрық портын салудың екінші кезеңі - автомобиль өткелі құрылысын іске асыруға кірісу керек», - деді Елбасы.