Айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылды.
Сонымен қатар, Елбасының айтуынша, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендірген жөн. "Кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізе беру керек. Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту керек. Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды", - деді Президент.