• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2017

Ауа райының қолайсыздығынан Универсиада ойындары кейінге шегерілді

372 рет
көрсетілді

Алматыда Универсиаданың бірнеше спорт нысанындағы жарыстар ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды vesti.kz. «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені тасжолындағы күн райының бұзылуына байланысты тау шаңғысы жарысына кіретін әйелдер арасындағы супергиганттан бәсекелер кейінге қалып отыр. Сонымен қатар, «Сұңқар» кешенінде өтіп жатқан шаңғы қоссайысы бағдарламасындағы трамплиннен секіру сайыстары кейінге қалды. «Сұңқар» шаңғы-биатлон кешеніндегі биатлоннан және шаңғы жарыстары кестесі өзгеруі мүмкін. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК дауылды алдын ала ескертуі негізінде қар көшкіні жүретінін ескертіп отыр. Іле Алатауында қатты жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының биік болуынан 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында қар көшкіні күтілуде.