Іле Алатауында қатты қар аралас жаңбыр әсерінен және қар жамылғысының биік болуына байланысты 31 қаңтар, 1 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп ескертті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.
«Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 7 дауылды алдын ала ескертуін негізге ала отырып, Іле Алатауында қатты жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының биік болуына байланысты 31 қаңтар 1 ақпан аралығында қар көшкіні күтіліп отырғанын ескертеді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ТЖД тау шатқалдарына шықпауға шақырды.