• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2017

АҚШ-тағы өндірістің артуы мұнай бағасын арзандатып жіберді

313 рет
көрсетілді

АҚШ-тағы бұрғылау құрылғыларының көбеюі бүгін таңертеңгі сауда сессиясында мұнай бағасын арзандатып жіберді, деп жазады investing. Астана уақытымен 12.27-де Брент маркалы мұнай құны 0,11 пайыз арзандап, 55,17 долларға теңесті. АҚШ-тағы бұрғылау құрылғыларының саны бір аптада 15-ке көбейіп, жалпы саны 566-ны құрады. Бұл 2015 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тағы мұнай өндірісінің көбеюі ОПЕК+ елдерінің былтыр жыл соңында қабылған өндірісті азайту туралы келісіміне кері әсерін тигізіп, нарықтағы қара алтын бағасының көтерілуіне кедергісін келтірмек. Осы орайда, сала мамандары 2017 жылы қара алтынның бір жылдық орташа бағасы 57,75 доллар, ал 2018 жылы 71,75 доллар болады деп болжауда. АҚШ-тағы мұнай өндірісі 2016 жылдың ортасынан бері 6,3 пайызға көбейді. Goldman Sachs банкінің мәліметінше, Америкалық мұнай өндірісі 2017 жылы орта есеппен тәулігіне 290 000 баррель өсім көрсетпек.