• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2017

Қостанай облысында жыл басынан бері 60 ұялы телефон ұрланған

357 рет
көрсетілді

 Облыстық ішкі істер департаментінің қылмыстық істі тексеру полициясы басқармасынының мәліметінше, барлық ұрлық түрінің 20 пайызын тек ұялы телефон ұрлығы құрайды. Телефон ұрлығын азайту үшін  Ішкі істер министрлігінің  Қылмысты тексеру департаменті  ұлы байланыс операторларымен меморандумға қол қойған болатын.  Меморандумның мәнісі—ұрланған телефондардың  абоненттік құрылғысын бұғаттап, сыртпен байланысын үзіп тастауға саяды. --Қазақстанда қазір ұрланған телефонды пайдалана алмайды. IMEI коды бойынша құрылғы бұғатталады. Мұндайжағдайда телефонын ұрлатқан кісі  ішкі істер оранына келіп,  арыз жазуы керек, онда телефонының сыртқы сипатын көрсетеді, сосын арызбен қосып телефоннфң өзінің меншігі екенін растайтын   құжаттарын да тапсырады, -- дейді Қылмысты тексеру полициясы басқармасының жедел өкілі Ринат Қабылбеков. 2016 жылы облыс өңірінде 3000 ұялы телефон ұрланғаны тіркелген, соның ішінде телефондары дер уақытында бұғатталғандар да бар. Америка құрама штаттарындағы полицейлер  ұрланған телефонды бұғаттау тәжірибесін өте белсенді қолданады екен. Соның нәтижесінде  ұрлықшы қолға түсірген телефонын кәдеге асыра алмайды, ол жәй пластикке айналады,   оны  иесіне қайтарудан басқа амалы жоқ. Қостанайлық полицейлер де америкалық әріптестерінің тәжірибесін қолданбақ. Ринат Қабылбековтың айтуынша, қазір  полицияға  тауып алған телефонды әкелушілер қатары көріне бастапты. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»