• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Басты негіздеме – жаңа экономикалық өсім

397 рет
көрсетілді

Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кеңейтілген отырыс өткізді. Бұл басқосу Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына арналды. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орын­басары Елбасы жаңа стра­тегиясының басты басым­дығы сапалы жаңа эко­но­микалық өсімнің негізінде ұлттың зияткерлік дамуы екеніне тоқталды. Аталған фактор жаңғырудың бес негізгі басымдықтарының ір­гетасы болып табылады. Ол – экономиканың же­­дел­­детілген техно­ло­гия­­лық жаңғыруы, адами капиталдың сапасын жақ­сарту және инсти­ту­цио­нал­дық өзгерістер. Даму­дың бұл бағыттары қазақ­стандық экономика қар­қынының өсуін орташа әлемдік деңгейден жоғары­латып, Қазақстанның жетекші 30 елдің қатарына қарай тұрақты ілгерілеуін қамтамасыз етуі тиіс. «Президент жария еткен Үшінші жаңғыру – елі­міздің жаһандық бәсекеге қа­бі­леттілігін қамтамасыз ете­тін, Қазақстанның эконо­микалық өсімінің жаңа үл­гі­сін құрудағы сындарлы парад­игмасы», – деген Мұх­тар Құл-Мұхаммед, Елба­сы­ның халыққа Жолдау­ын­­дағы қойылған барлық мін­деттердің сапалы, уақы­тында және табыс­ты орын­далуының бүкіл еліміз, әр отбасы, барлық қазақстан­дықтар үшін жаңа мүмкін­діктер ашатынын атап өтті. Атап айтсақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы осы айтылған сөздеріміздің айқын дәлелі бола алады. Алдағы 15 жыл­дың ішінде ол 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қам­­тамасыз етуі тиіс. Яғни, келе­­шекте кем дегенде 5-6 мил­лион адам баспаналы бо­лады. «Бүгінгі күндегі «Нұр Отан» партиясының және әр­бір нұротандықтың бірін­ші және басты міндеті – Мем­лекет басшысы Жол­­- дауының сындарлы, жа­сам­­паз және біріктіруші мәнін қазақстандықтарға жет­­кі­зу», деп түйіндеді сөзін «Нұр Отан» партиясы Төр­аға­­сының бірінші орынбасары. Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша Мұх­тар Құл-Мұхаммед партия­ның құрылымдық бөлім­шелері мен аймақтық филиал­дарының басшыларына ел Көшбасшысы белгі­леп берген экономикалық өзге­ріс­тердің жаңа бағыты­ның халықтық талқылауын қам­тамасыз етуге тапсырма берді. Қазіргі кезде Қазақстан бойынша «Нұр Отан» партия­сы белсенділерінің халық­пен Президент Жолдауына ар­налған бұқаралық кезде­сулерінің басталып кеткенін атап өткен ләзім. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»