• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Биылғы Жолдау – мазмұны ерекше құжат

427 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы палатаның бюро отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға байланысты бірқатар міндеттерді алға қойды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев Мемлекет басшы­сының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауы өзінің мазмұны жағынан ерекше құжат екенін атап өтті. Төраға Жол­дауды «Экономиканы құры­лымдық жаңар­тудың негіз­гі бағыттары дәл, әрі жан-жақ­ты көрініс тапқан, Үкімет, Пар­ламент және жалпы қоғам­ға арналған жол картасы», деп атап өтті. Сенат Төрағасы депу­тат­тардың ал­дына Жолдауды іске асыру жөнін­де маңызды мін­деттер қойды. Бірін­ші міндет – депутаттардың 2-10 ақпан­дағы аймақтарға сапары барысында, жұртшылыққа құжаттың негізгі ере­желерін түсіндіру болып табылады. Төрағаның пікірінше, Жолдауды заң­на­малық қамтамасыз ету тұр­ғы­сынан сенаторлармен әңгі­мелесу жұртшылық үшін өте пайдалы болады. Төраға Жолдауда бел­гі­ленген ба­сым­дықтар бойынша палата жұмысының жоспарын үй­лестіруді  екінші міндет ретін­де атап өтті. Бизнес құқық­тары мен мүдделерін заңна­ма­лық тұрғыда қамтамасыз етуге және осы саладағы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік өзара іс-қимылына арналған, 24 ақпанға жоспарланған парламенттік тыңдауға ерекше назар аударылады. «Бұл тыңдаудың тақы­рыбының өзінде Пре­зи­денттің Жол­дауында айтылған мін­деттер толық кө­лемде көрі­ніс тауып отыр. Шара кезін­дегі ұсы­нымдар мен сөйленетін сөз­­дер Жолдаудың негізгі мәсе­ле­лерін іске асыру тұрғы­сынан егжей-тегжейлі пы­сық­тау қажет болады», – деді Қ.Тоқаев. Үшінші міндет – құжатты іске асыруды заңнамалық тұр­ғыда қамтамасыз ету. «Бұл Жол­дауда кәсіпкерлікті қолдау, биз­нес-қоғамдастықтарды одан әрі дамыту үшін қажетті жағ­дай жасау туралы көп айтылады. Қазіргі заңнаманы тал­дауға және Үкіметпен бай­ла­нысқа дәл осы тұрғыдан қарау керек», – деді Сенат Төр­ағасы. Қ.Тоқаев депутаттар жұ­мы­сының негізгі бағыттарын белгіледі. Президент жылдың соңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа кодекс қабылдауды және салық заңнамасына түзе­ту­лер енгізуді тапсырды. Сон­дай-ақ, банк секторын сауық­тыру мен корпоративтік басқа­руды жақсарту жөніндегі шара­лар заң­намалық түрде бекем­деуді талап етеді. Одан басқа, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру қажет. Жолдаудың маңызды тұжы­рым­дары қатарында Төраға Мемлекет бас­шы­сының «Біз жекеменшікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге ба­ғытталған реформалар жүргізудеміз», деген сөзін ерекше атап өтті. «Президент Жолдауында алға қойыл­ған міндеттерді ұтымды іске асыру үшін бізге, депутаттарға бұл жұмысқа шы­ғар­машылықпен әрі іскер­лікпен кірісу керек», – деп атап өтті Қ.Тоқаев.