• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2011

Телекөпір – пікір алмасу алаңы

472 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда сайлау нәтижесі бойынша жер-жерде әр түрлі шаралар өткізілуде. Сондай шаралардың бірі кеше Астанадағы «Рамада Плаза» қонақ үйінде болып өтті. Атап айтқанда, АҚШ байқаушылары Қазақстанда өткен президенттік сайлаудың қорытындысы бойынша Астана-Вашингтон бейне-конференциясына қаты­сып, сайлау туралы өз пікірлерімен бөлісті. Аталған шараға Жаңа демократия институтының атқарушы директоры Маргарита Асенова, «Джеймстаун» қорының аға сарапшысы Владимир Сокор, АҚШ-тың католиктік университетінің профессоры Сергей Грецкий, Стратегия және халықаралық зерттеулер орталығының жаңа еуропалық демократия бағдарламасының директоры Януш Бугайский, Гудзон институтының аға қызметкері Ричард Вейтс, Инвестиция және салық жөніндегі халық­аралық орталық президенті Дэниел Алан Витт, саралау орталығының сарапшысы Дуглас Алан Таунсенд және Salans заңгерлік компаниясының сарапшысы Артур Рэн­дольф Брегман қатысып, өз ойларын ортаға салды. Байқаушылардың сөзінен белгілі болғандай, Қазақстанда демократияның тамыры тереңдей түсуде. Яғни, өткен сайлаулардағы сияқты сайлау учаскелеріне сайлаушы­лар­ды жұмылдыру сияқты белгілер бұл науқан барысында орын алмағандығы ерекше аталып өтті. Қазақстан Рес­публикасының президентін сайлау кезінде сайлаушылар­дың азаматтық парызы мен патриоттық сезімі ерекше байқалғандығы да назардан тыс қалмады. Америкалық байқаушылардың пайымынша, Қазақстан халқының сайлауға қатысудағы мұндай белсенділігін олардың тұрмыс жағдайын қамтамасыз етіп отырған басшылыққа деген сенімі мен елдегі саяси сабақтастықты және ұлттық тұрақтылықты сақтауға деген ұмтылысымен байланыстыруға болады. Сондай-ақ, олар өз сөздерінде сайлау учаскелерінің жұмысымен жақын танысқанда, саяси партиялармен және қоғамдық ұйымдармен кездесулері туралы жан-жақты ақпарат бере кетті. Аталған шараға елімізде тіркелген шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысып отырды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.