• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 63

476 рет
көрсетілді

2011 жылғы 31 қаңтар, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында: «Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, мін­дет­тері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелері» деген 4-бө­лімде: «Міндеттері» деген 4.3-кіші бөлімде: төртінші бөліктегі: «халық санына барабар есептелетін» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын: «Бағдарлама шеңберінде субсидиялау мен кепілдендіруге бөлінген және қаржы жылының қорытындылары бойынша Қаржы агенті пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды субсидиялауға және/немесе кепілдендіруге, оның ішінде кезекті қаржы жылы мақұлданған жобаларға пайдаланылуы мүмкін.»; «Бірінші бағыт: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» деген кіші бөлімде: Пайыздық ставканы субсидиялау шарттарында: бесінші бөліктегі «2010 жылы» деген сөздер «2010 және 2011 жылдары» деген сөздермен ауыстырылсын; жетінші бөлік алынып тасталсын; «Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру» деген кіші бөлімде: Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставка­ларды субсидиялау шарттарында: сегізінші бөліктегі «желілерін алуға және оның жүмыс істеуіне бағытталған,» деген сөздер «желіле­рінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекел­дерін төмендету» деген кіші бөлімде: Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставка­ларды субсидиялау шарттарында: үшінші бөліктегі «2010 жылы» деген сөздер «2010. және 2011 жылдары» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші бөлік алынып тасталсын; «Кәсіпкердің әлеуетін күшейту» деген төртінші бағытта: он үшінші бөліктегі сегізінші абзацтағы «көрсету» деген сөзден кейін «және басқалар» деген сөздермен толықтырылсын; 5 «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген бөлімде: бірінші бөлік мынадай мазмүндағы абзацпен толық­тырылсын: «2011 жылы Бағдарлама міндеттерін шешу төрт бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; кәсіпкерлік секторды сауықтыру; кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету; кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.». 2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол кар­тасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-баста­малар­ды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде: 34-тармақтағы «2010 жылы» деген сөздер «тиісті қаржы жылында» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Уәкілетті орган Қаржы агентімен екінші дең­гей­дегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставка­ла­рын субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған шарт­ты жасасқаннан кейін 10 (он) жүмыс күні ішінде тиісті қаржы жылында Бағдарламаның екінші бағыты бойын­ша Субсидиялау үшін қөзделген соманың 30 %-ы мөлшеріндегі ақшалай қаражаттың бір бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қаржы агентіне аударады. Одан кейінгі төлемдер келісілген төлемдер кестесіне сэйкес жүзеге асырылатын болады.»; көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валю­та­лық тәуекелдерін төмендету» үшінші бағыты шеңбе­рінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесінде: 14-тармақ алынып тасталсын; 29-тармақтағы «2010 жылы» деген сөздер «тиісті қаржы жылында» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңбе­рінде субсидиялау және кепілдендіру туралы үлгі шартта: 15-тармақтағы «2011 жылғы 31 қаңтардағы» деген сөздер «2011 жылғы 31 желтоқсандағы» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолда­ныс­қа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.