• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің бұйрығы №37

715 рет
көрсетілді

2011 жылғы 28 ақпан, Астана қаласы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ғ.Т.Телебаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күннен бастап күшіне енеді. 5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр                      М. ҚҰЛ-МҰХАММЕД.   Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 37 бұйрығымен бекітілген Нысан Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысаны   Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт ________________________________________________ (№, күні) Субъектінің атауы __________________________________________________________________ СТН, ЖСН/БСН ____________________________________________________________________ Мекен-жайы _______________________________________________________________________ № Талаптар тізбесі 1 іс жүргізуге қойылатын талаптардың бұзылуы 2 көрнекі ақпараттар мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталмауы 3 азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілінің сақталмауы 4 құжаттама жүргізу тілінің қамтамасыз етілмеуі 5 актілердің мемлекеттік тілде қабылданбауы Тексерудің аяқталу мерзімі ___________________________ Мемлекеттік органның лауазымдық тұлғалары: ____________________________________________ ________________________ ______________________ (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.) __________________________ ______________________ (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.) Субъектінің басшысы:  ________________________ __________________________ (Т.А.Ә., лауазымы) (қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 18 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6826 болып енгізілді.