• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2011

Подобедова – жыл спортшысы

421 рет
көрсетілді

Жақында Алматыда Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен спортшылар кешінде ауыр атлет Светлана Подобедова өткен жылдың ең үздік спортшысы атағына ие болды. «Жыл үздігі» атанған Подобедова өткен жылы 2009 жылғы әлем чемпионы атағын тағы же­ңіп алды. Сонымен бірге ол Түр­кия­ның Анталья қаласында өткен әлем чемпионатында дүние­жү­зі­лік рекордқа үш рет өзгеріс енгіз­ді. Подобедованың осындай ерліктерін ескерген Халықаралық ауыр атлетика федерациясы оны жыл­дың «ең үздік зілтеміршісі» деп таныды. Енді міне, Свет­ла­наның осы жетістіктері елімізде де ескеріліп, оған 2010 жылдың «ең үздік спортшысы» атағы беріліп отыр. Осы кеште министрліктің ұйым­­дастыруымен жыл сайын қаламгер Сейдахмет Бердіқұлов атындағы спорт журналистері ара­сында өтетін конкурстың жеңім­паз­дары да анықталды. Конкурс­тың жеңімпазы болып «Қазақ спорты» газеті бас редакторының орынбасары Зейнел Үйсінбайтегі, «Қазақстан» ұлттық арнасының Оң­түстік Қазақстан облысы бо­йынша филиалының тілшісі Индира Бектенова мен «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы Мұса­ғали Тасқалиев атанды. Кеште жеңімпаздарға сыйлық­ты министрліктің Спорт істері жөніндегі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов табыс етті.