• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:43

Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?

10 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің бірнеше аймағында ауа райы құбылып, тұман түсіп, көктайғақ пен екпінді жел байқалады. «Қазгидромет» мамандары қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ескерту жариялады. Әсіресе таулы және жол қатынасы қарқынды өңірлерде сақ болу қажет, деп жазады Egemen.kz.

Синоптиктердің болжауынша, Түркістан облысының батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аудандарында жауын-шашын түседі, көбіне жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде де жауын-шашын күтіледі. Күндіз өңірдің оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік, батыс және таулы аумақтарда тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с, тау асуларында күндіз 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Шымкентте түнде және күннің соңына қарай жаңбыр жауып, кей уақыттарда тұман түседі. Жел бағыты өзгеріп, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ал Түркістан қаласында түнде жауын-шашын түсіп, күннің екінші жартысында жаңбыр жалғасады, тұман болуы мүмкін.

Алматы облысының батысы, оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ қалыптасады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей тұста 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы мен Қонаевта да тұман мен көктайғақ күтіледі.

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ұлытау облысының оңтүстігінде жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с-қа дейін күшейеді. Жезқазғанда да жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін артады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ болып, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі, бұрқасын соғады. Орталық және шығыс бөлігінде де жауын-шашын күтіледі. Желдің екпіні кей жерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Қызылорда қаласында күндіз жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын болады.

Маңғыстау облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығында көктайғақ қалыптасады.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын жүреді. Жел екпіні 15-20 м/с шамасында.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының батысы, солтүстігі және орталығында тұман болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Семейде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Павлодарда көктайғақ салдарынан 150-ден астам адам жарақат алған

Қостанай облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде де тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысы, шығысы және таулы аудандарында көктайғақ қалыптасып, кей уақыттарда тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда да тұман мен көктайғақ күтіледі.

Мамандар тұрғындарға жолда абай болып, алыс сапарға шыққанда ауа райы болжамын ескеруді ұсынады. Әсіресе көлік жүргізушілеріне жылдамдықты шектеп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет.

Соңғы жаңалықтар