• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №88

409 рет
көрсетілді

2011 жылғы 24 ақпан, Астана қаласы Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №476-ІІ Заңы 13-бабының 15) тармақшасына, «Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімді қолдану бойынша Қазақстан Республикасының құзыретті органын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы №651 қаулысына сәйкес және қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барманқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Ә.ҚҰСАЙЫНОВ. Қазақстан Республикасы  Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпан №88   бұйрығымен бекітілді Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізуші­лерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі №476-ІІ Заңына, «Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімді қолдану бойынша Қазақстан Республикасының құзырлы органын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы №651 қаулысына сәйкес әзірленді және қауіпті жүктер­ді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру тәртібін белгілейді. 2. Қағида қауіпті жүктерді тасымалдауды жү­зеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізу­шілерін арнайы даярлауға қатысты жеке және заңды тұлғалар қызметіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді және олардың ұйымдас­тырушылық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан орындау үшін міндетті болып табылады. 3. Халықаралық талаптарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары­ның жүргізушілері құзыретті органмен бекітілген курстар түрінде арнайы даярлықтан өтеді және белгіленген үлгідегі Қазақстан Респуб­ликасының аумағы бойынша қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлікті (бұдан әрі – қазақстандық куәлік) немесе белгіленген үлгідегі халықаралық қатынаста қауіпті жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары­ның жүргізушілерін даярлау туралы куәлікті (бұдан әрі – ДОПОГ – куәлік) алады. 4. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген көлік құралдарының жүргізушілері қазақстан­дық куәлікті және ҚЖХКТ рұқсат-куәлігін алу үшін Қазақстан Республикасы аумағы немесе халықаралық жол қатынастары бойынша қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын авто­көлік құралдарының жүргізушілері арнайы даярлық және (немесе) қайта даярлық базалық курсынан (бұдан әрі – Базалық курс) өтеді. 5. Бекітілген немесе алмалы-салмалы, сы­йым­дылығы 1 м³ астам цистерналармен, жалпы сыйымдылығы 1 м³ астам батереялармен, контейнер-цистерналармен, тасымал цистерналармен немесе бір көлік бірлігінде жеке сыйым­дылығы 3 м³ астам көпэлементті газ контейнерлері мен қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізуші­лері қауіпті жүктерді цистерналармен тасымал­дау бойынша мамандандырылған қосымша базалық курстардан өтеді. 6. Көлік құралдарының ең жоғары рұқсат етіл­ген салмағына қарамастан, ҚЖХКТ бойын­ша 1 класты заттарды немесе бұйымдарды (жа­ры­латын заттар мен бұйымдар) немесе ҚЖХКТ бойынша 7 класты радиоактивті материал­дарды тасымалдау үшін жүргізушілер базалық курстар­ға қосымша тиісті мамандандырылған даярлық курстарынан өтеді. 7. Қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат етілген жүргізушілерді арнайы қайта даярлау және тиісті емтихандардан өткізу кемінде үш жылда 1 рет жүргізіледі. 8. Жүргізушілерді Базалық курс бағдарла­ма­лары бойынша даярлау (қайта даярлау) және жүр­гізушілерді мамандандырылған курстар бағдарламалары бойынша даярлау (қайта даярлау) кешенді негізде жүргізілетін барлығын қамтитын курстар ауқымында, белгілі бір мерзімдерде және белгілі бір оқыту ұйымдарында жүргізілуі мүмкін. 2. Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру тәртібі 9. Осы Қағиданың 4-6 тармақтарында көр­сетілген қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізуші­лерін арнайы даярлау курстары (бұдан әрі – оқыту курстары) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ұсынылған ұйымның немесе оқыту орталығының жазбаша өтініші негізінде Қазақ­стан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітуге жатады. Өтініште қандай курстарды бекіту қажеттігі көрсетіледі. 10. Өтінішке мынадай құжаттар тіркеледі: 1) жеке немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық куәлан­ды­рыл­ған көшірмесі, немесе олардың көшірмесін тупнұсқасымен ұсынуы міндетті түрде; 2) Базалық курстардың және (немесе) маман­дандырылған курстардың (өтініштің мазмұнына қарай) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оқытылатын тақырыптары, сабақтар көлемі мен оқыту әдістері көрсетілген оқу-тақырыптық жоспары және бағдарламалары; 3) білімі, мамандығы және оқыту бейіні бойынша еңбек өтілі, сондай-ақ оларда ҚЖХКТ мүше-елдерінің оқыту ұйымдарында қауіпті жүк­терді тасымалдау бойынша арнайы даяр­лықтан өткені, қажетті емтихандар тапсырғаны туралы куәліктер немесе сертификаттар болуы туралы ақпараттар бар оқытушылар құрамы туралы мәліметтер; 4) оқу орталығының басшысы немесе әдіс­темелік кеңес бекіткен оқыту үдерісінде қол­да­нылатын ҚЖХКТ сәйкес нормативтік-техника­лық құжаттардың тізімі; 5) өрт қауіпсіздігі немесе өртке қарсы қызмет саласындағы мамандармен өрт қауіпсіздігі бойынша тақырыптық дәрістер мен практикалық сабақтар өткізу туралы шарт (егер осы тақырыпта сабақ беретін штаттық оқытушылар болмаған жағдайда); 6) денсаулық сақтау саласындағы мамандармен дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсету бойынша тақырыптық дәрістер мен практикалық сабақтар өткізу туралы шарт (егер осы тақы­рыпта сабақ беретін штаттық оқытушылар болмаған жағдайда); 7) оқу сыныптары туралы мәліметтер (сыныптар саны, әр сыныптағы отыратын орын саны, оқытудың техникалық құралдарымен, оқу және көрнекі құралдармен жабдықталуы); 8) курс бағдарламасына сәйкес оқытылатын та­қырыптар көрсетілген оқыту даярлық жоспар­лары қауіпті жүктерге қатысты Қазақстан Рес­пуб­ликасы заңнамасының соңғы өзгерістерін қамту қажет. 9) сабақ кестелері және жоспарланған оқыту әдістемесі; 10) оқытылатындардың жобаланған саны. 11. Ұсынған құжаттарды Министрлік өтініш­ті алған күннен бастап отыз күнтізбелік мерзімде қарастырады. Қажет болған жағдайда аумақтық органдарға оқыту класы үй-жайының және прак­тикалық сабақтарды өткізу үшін полигонның сәйкестігі бойынша тексеру өткізу үшін нұсқау жібереді (нұсқауды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде аумақтық органның өкілі орнына бару арқылы). 12. Жергілікті органының өкілі оқу класс­тарының және полигонның даярлығы туралы тексеріс нәтижесі бойынша анықтама-қорытын­дынысың Министрлікке тапсырады: 1) әрбір оқу сыныптары нақты сан отырғы­зылатын орынды және тиісті техникалық оқыту құралдарымен, оқулық және көрнекі құрал­дары­мен, плакаттармен және оқу бағдарламалары бойынша стендтермен, нормативтік құжаттармен жабдықталу тиіс; 2) оқу сыныптарындағы отыратын орын саны топта оқытылатындар санынан артық болуы және оқытушы орны бөлмені шолуды қамта­ма­сыз етуі тиіс; 3) оқу базасы (полигон) практикалық сабақ­тар өткізу үшін жабдықталуы және топта оқытылатындардың еркін орналасуын қамтама­сыз етуі тиіс. 13. Өтініш берушінің қауіпті жүктерді тасы­ма­лдауды жүзеге асыратын автокөлік құрал­дары­ның жүргізушілерін арнайы даярлау қызметінің жүзеге асыруға даярлығы оң бағаланған жағ­дайда оқу курстары Қазақстан Республикасы кө­лік және коммуникация министрінің бұйры­ғымен бекітіледі. 14. Министрлік осы Қағиданың 10 - тар­мағында көрсетілген талапты орындамаған жағ­дайда өтініш берушіге оқыту курстарын бекітуден бас тартады және шешімді қабылдағаннан кейін он жұмыс күні ішінде оны бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды. 15. Министрлік, қаржылық және шаруа­шы­лық қызметіне қатыспастан, ҚЖХКТ талап­тарына сәйкес тиісті оқу курстары жүргізу­шілерді сапалы дайындауға, емтихан қабылдауы мен оқуына үнемі бақылауды жүзеге асырады. 16. Министрлік оқу курстарының күшін тоқтату туралы (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен) шешімді мынандай жағдайларда қабылдайды: 1) оқу курстарының жұмысы тоқталған себебі көрсетілген жазбаша өтініші негізінде; 2) оқу курстарының жұмыстарын реттейтін, осы Қағиданың талаптары және ҚЖХКТ 8.2 – талаптары бұзылса; 3) Министрлікке ұсынылған материалдар мен құжаттарда жалған деректер болуы анықталса; 4) егер оқу курстары соңғы оқып шығарыл­ған күнінен бастап жыл бойы жүргізілмесе; 5) жүргізушілерді даярлау сапасы қанағат­танар­лық емес болса (емтихандарды ойдағыдай тапсырған курс тыңдаушыларының саны 20%-дан кем болған жағдайда). 17. Оқыту курстарында даярлық Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітілген базалық және арнайы курстарға сәйкес жүргізіледі. 18. Әрбір бастапқы курстың немесе бәрін қам­титын курстың теориялық бөлігінің ең төменгі ұзақтығы: 1) базалық курс бойынша - 18 сабақ; 2) цистерналарда тасымалдау бойынша мамандандырылған курста – 12 сабақ; 3) 1 класты заттар мен бұйымдар (жарылғыш заттар мен бұйымдар) тасымалдау бойынша мамандандырылған курстарда - 8 сабақ; 4) радиоактивтік материалдарды (7 класс) тасымалдау бойынша мамандандырылған курстарда – 8 сабақ болуы тиіс. 19. Осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген бәрін қамтитын курстардың жалпы ұзақтығы Базалық курстың және цистерналармен тасы­малдау бойынша мамандандырылған курс­тың ұзақтығын өзгертпеуі тиіс, алайда оларды 1 және 7 кластар бойынша қысқартылған маманда­ды­рыл­ған курстармен толықтыруға болады. 20. Бір сабақтың ұзақтығы 45 минуттан кем болмауы тиіс. Күн сайын 8 сағатқа дейін сабақ өткізуге рұқсат етіледі. 21. Жеке практикалық сабақтар теориялық даярлыққа қосымша өткізілуі және кем дегенде әртүрлі жүктер үшін қауіптілік белгілері мен маркалануы, алғашқы көмек көрсету, өрт сөндіру және оқиға немесе авария болған жағдайда қа­был­данатын шаралар тақырыптарын қамтуы тиіс. 22. Оқу курстары аяқталғаннан кейін тыңдау­шыларға өтілген тақырыптардың қысқаша маз­мұны және авариялық жағдайлардағы қауіп­сіздік, дәрігер келгенге дейінгі көмек жөніндегі нұсқауларды қамтитын материалдар таратылып берілуі тиіс. 23. Курстар тыңдаушыларының білім дең­гейін және практикалық дағдыларын анықтау мақ­сатында тиісті оқу курстарында оқыту аяқта­л­ғаннан кейін емтихандар өткізіледі. 24. Мамандандырылған курстар бойынша емти­хандарға Базалық курс бойынша емтихан­дарды тапсырғаннан кейін рұқсат алады. 25. Емтихандар комиссия құрамына Қазақ­стан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық органы өкілінің комиссия құрамына міндетті түрде қатысуымен тиісті оқу курсының оқытушыларынан құрылған емтихан комиссиясымен қабылданады. Емтихан комиссиясы тақ санынан тұрады (үш адамнан кем емес). 26. Емтихандар тиісті курстарда өткізілген тақырыптар бойынша емтихан комиссиясының емтихандық сұрақтарының жалпы тізілімінен іріктелген емтихан сұрақтарынан өткізіледі. Емтиханға дейін курс тыңдаушыларын емтихан билеттерінің сұрақ мазмұнымен таныс­тыр­майды. 27. Осы қағиданың 8-тармағында көрсетілген жалпылай қамтитын курстарда бірыңғай емтихан өткізілуі мүмкін. 28. Министрліктің Көліктік бақылау коми­теті­нің аумақтық органы әрбір оқу курсы бо­йынша өткізілетін емтихандардың мерзімдері мен өткізілетін орнын 5 күннен кем емес уақыт­та алдын-ала хабарлайды. 29. Емтихандар не жазбаша емтихан, немесе жазбаша және ауызша біріктірілген емтихан түрінде немесе тестілеу жүргізіледі. 30. Базалық курс бойынша емтихан өткізу кезінде курстардың тыңдаушыларына 25 сұрақ беріледі. 31. Мамандандырылған курстар бойынша емтихандар кезінде курстардың тыңдаушыларына әр курс бойынша 15 сұрақтан беріледі. 32. Емтихандардың нәтижелері емтихан коми­ссиясының хаттамасымен рәсімделеді, оның негізінде емтихандарды ойдағыдай тапсырған курс тыңдаушыларына (емтихандар сұрақтарына жауаптардың дұрыстығы 75%-дан жоғары) оқу орталықтары тиісті оқу курстарында оқытудан ойдағыдай өткені туралы емтихан комиссия­сының төрағасы қол қойған анықтама береді. 3. Қорытынды ережелер 33. Тиісті оқу курстарында оқуды сәтті аяқ­таған жағдайда тыңдаушыларға емтихан комис­сиясының өкілдері және оқыту курстарының басшылары қол қойған және мөрмен бекітілген тиісті куәліктер беріледі. Қауіптілік класстарын белгілеу бағандарында берілген куәлікте оқыту жүргізілмеген кластар­ды сызу арқылы белгілер салынады. 34. Куәліктің мерзімі – үш жыл. 35. Куәліктің мерзімін ұзарту куәліктің мерзімі өткенге дейінгі жыл ішінде өткізілген тиісті оқу курстары бойынша емтихандарды ойда­ғыдай тапсыру (емтихандар сұрақтарының 70 %-дан астамының дұрыстығы) негізінде жүргізіледі. Бұл ретте куәлікке оның күші ұзартылғаны туралы жазу жазылып, мөрмен бекітіледі. 36. Куәлік жоғалған, бүлінген кезде, оқу курстары арыз берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғарғы оң бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар куәліктің телнұсқасын беруді жүргізеді. Жоғалған, бүлінген жазбаша өтініш берген күннен бастап куәліктер (тиісті оқу курстарынан оқудан өткені туралы анықтама қосымшасында болса) жарамсыз деп саналады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 18 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6828 болып енгізілді.